«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.03.2020

ЖАЛДАУ АҚЫСЫ АЛЫНБАЙДЫ

Республикалық және коммуналдық меншік алаңдарын пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерден 90 күн бойы жалдау ақысы алынбайды. Бизнесмендер мемлекеттік мүлік порталы арқылы жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы өтініштерін онлайн тәртіпте бере алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Ол үшін бизнес өкілдері қосымша келісім жасасып, оған ЭЦҚ көмегімен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қол қоса болғаны.

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ

Шетелде жүрген қазақстандықтар Beeline байланысының тегін топтамаларын ала алады. Роумингте 2 ГБ интернет пен қоңырауға арналған 30 минут 30 күнге беріледі. Роумингте интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ елдерде Beeine абоненттері қоңырауға 100 минут алады.

ТЕГІН БАЙЛАНЫС

Beeline карантин мен төтенше жағдай кезінде қазақстандық зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс ұсынды. «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тарифтік жоспарларын қолданушылар тегін минуттар мен интернет трафикке ие болды.

ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЖАНҒА ҚУАТ

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты “Nur Otan” партиясы “Кедергісіз келешек”, “Бақытты отбасы” және “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобалары аясында “Biz birgemiz!” акциясын бастады. Акция барысында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы, сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлеріндегі жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бағытталды. Бүгінгі таңда қаражатқа медициналық бетперделер, …

ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЖАНҒА ҚУАТ Read More »

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың борыш жүктемесінің өсуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай кезеңінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың және онлайн-кредиторлардың борышкерлеріне қолдау көрсету бойынша жедел желі іске қосылғанын хабарлайды.

САЛҒЫРТТЫҚ СОҢЫ – ӨКІНІШ

Қазіргі төтенше жағдай кезінде жасөспірімдерді үйде ұстап отыру оңай емес. Күн жылынып, көктем шыға бастаған кезде олар төрт қабырғаға телміріп отыруға құлықсыз. Көпшілігі таза ауада серуендегенді қалайды. Алайда мамандар қазір өзен-көлдердегі мұз қауіпті екенін ескертеді. 23 наурыз күні Петропавлдағы Жеңіс саябағының маңында бір жасөспірім Есіл өзеніне батып кете жаздады. Саябақта қыдырып жүрген петропавлдық әйел төтенше …

САЛҒЫРТТЫҚ СОҢЫ – ӨКІНІШ Read More »

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Облыс полицейлері жалған ақпараттың таралуына қарсы жұмысты күшейте түсті. Өңірімізде эпидемиологиялық ахуалға қатысты жалған ақпарат таратудың үш дерегі анықталды. Тайынша ауданында полицейлер “бір тұрғын қауіпті індет жұқтырды” деген жалған хабарламаның авторын анықтады. Ауырды-мыс деген аудан тұрғынының нақты мәліметтері мен тұрғылықты жері көрсетілген аудиохабарламада әйел солтүстікқазақстандықтың диагнозы расталып, комиссияның жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Тайынша қаласының 39 …

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ Read More »

ОҢАЙ ОЛЖА БҰЙЫРМАДЫ

  Уәлиханов ауданының тәртіп сақшылары жуырда жасалған ұрлықтың бетін ашты. Белгісіз қылмыскер үйдің есігіндегі құлыпты жұлып алып, шағын сейфті үптеп кеткен. Үй иесінің сақтап жүрген 2 миллион теңгеден астам қаржысы мен алтын бұйымдары қаскөйлердің оңай олжасына айналды.

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ – ТЕГІН ТҮСКІ АС

Петропавлдың рестораторлары “Жедел жәрдем” қызметінің мамандарына қиын кезде қолдау көрсетіп, түскі асты оларға күнделікті тегін жеткізіп беруде. Петропавлдың рестораторлары республикалық #дәрігерлердіқолда челленджіне ат салысып жатыр. СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзин бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

ДӘУРЕН АБАЕВ: ҮШ ҚАЛАДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕМЕС

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті.