«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.04.2020

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ОШАҚТАРЫ

2020 жылғы 1 сәуір күнгі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 5 ошағы бар: Петропавл қаласында Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 270-ші үй, Парк көшесіндегі 121-ші үй, Кәрім Сүтішев көшесіндегі 17-ші үй, 20-шы шағын ауданда Хименко көшесіндегі 1-ші үй және Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылы.  Сурет https://sib.fm/ сайтынан алынды.

БЕНЗИН БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ірі жанармай құю станцияларында бензин және дизель отынының бөлшек бағасы төмендеп жатыр. Наурыз айынан бастап бензин және дизель отынының ішкі нарықтағы көтерме бағасы төмендеп, шамамен 10%-ды құрады. Бұл туралы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

ТАҒЫ ЕКІ ПЕТРОПАВЛДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Петропавл қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олар – 1971 және 1975 жылы туған петропавлдықтар. Екеуі де үшінші науқаспен қарым-қатынас жасасқан. Бұған дейін екі әйел де үй карантинінде бақылауда болған. Сараптама нәтижесі оң нәтиже көрсеткеннен кейін олар ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайлары тұрақты. Үй-жайларында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 372-ГЕ ЖЕТТІ

Қазақстандағы 2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.

ҮШ ТҰРҒЫНДА АУРУ АНЫҚТАЛДЫ

Өңірімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді. Науқаспен байланыста болған барлық адамдар оқшауланып, мамандардың қатаң бақылауына алынды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР ҚАРСАҢЫНДА

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында көктемгі егіс науқанына дайындық, су тасқынының алдын алу және төтенше жағдай кезінде сабақты қашықтан оқу жайы әңгіме өзегіне айналды. Жиынды ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысушыларға коронавируска байланысты енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, өңіріміз үшін аса маңызды көктемгі егіс науқанын ұйымшылдықпен өткізу, өзекті мәселелерді бірлесе шешу қажеттігін атап …

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР ҚАРСАҢЫНДА Read More »