«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.04.2020

СЕГІЗІНШІ НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны коронавируске шалдықты. 1967 жылы туған әйел бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Онымен 92 адам қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың 14-і науқаспен жақын араласқан.  Сурет https://ria.ru/  сайтынан алынды.  

ЖҰМЫС ОНЛАЙН ФОРМАТТА ЖАЛҒАСУДА

Төтенше жағдайға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлері онлайн форматта жұмыс істеуге көшті. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жеке қабылдаулар «Skype» қосымшасы арқылы жүргізілуде. Бұл жайлы ведомство бастығы Ернар Баянғазин үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында баяндады.

ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ ҚАШЫҚТАН ТАМАШАЛАУДА

Елімізде қауіпті індеттің таралуына байланысты көптеген ұйымдар қашықтан жұмыс істеуде. Мәдениет саласы қызметкерлері де қысыл-таяң шақты ұтымды пайдалануда. Бұл орайда, облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры үздік спектакльдерін көрермендерге онлайн ұсынуда.

ЖЕТІ АДАМ АУРУ ЖҰҚТЫРДЫ

Қазіргі таңда өңірімізде 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Соның төртеуі өткен тәуліктерде анықталды.

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге орай облыстағы түзеу мекемелері жазасын өтеп жатқандарға туыстарымен “Skype” арқылы байланысуға мүмкіндік жасады.

EŃ QUNDY SIYLYQ

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń “Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý” baǵdarlamasyndaǵy “Týǵan jer” jobasyna Esil aýdanynyń kásipkerleri belsene qatysýda. Jomart jandar aýdandyq kitaphanaǵa qomaqty qarajat bólip, balalarǵa arnalǵan ádebıet qorynyń jańa týyndylarmen tolyǵýyna óz úlesterin qosýda.

ҚҰРДЫМҒА АПАРАР ЖОЛ

 Облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткіге тәуелді 656 адам есепте тұр. Мамандардың айтуынша, қоғамдық дертке шалдыққан солтүстікқазақстандықтардың саны бұдан әлдеқайда көп. Есірткінің адам денсаулығына зияны жайлы үнемі айтылып жүр, оны қолдану АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін бірнеше есе арттыратынын да естен шығармауға тиіспіз. Бұл жайлы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталық мамандары айтып …

ҚҰРДЫМҒА АПАРАР ЖОЛ Read More »

СӨРЕДЕГІМЕН СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

Әлемді алаңдатқан індетке қа­тысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелердің бірі – азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауы. “Qyzyljar – аdaldyq аlany” жобалық кеңсесінің мамандары тұрғындардан түскен шағымдардың негізінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың және Қазақстан коммунистік партиясы өңірлік филиалының өкілдерімен бірлесіп, Петропавл қаласындағы сауда орындарына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

ДӘРІГЕР

Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын, Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын. Дәрігерді жаратқан ғой Тәңірім, Адамдарға рақымы мол болғасын!

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І.Ақсақаловтың ҮНДЕУІ

Құрметті жерлестер! Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус індетін жұқтыру жағдайлары тіркелді. Соған орай 8 қала карантин режіміне өтті. Басқа қалаларда шектеу шаралары қабылданды.

ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Нұротандықтар облыс орталығында тұратын аз қамтылған отбасының балаларына компьютер сыйлап, қуанышқа бөледі. Оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқиды дегелі бері бұл отбасының көңілі алаң еді.

ҚАРБАЛАСЫ КӨП КЕЗЕҢ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында көктемгі егіске дайындық, су тасқынының алдын алу және төтенше жағдай кезінде сабақты қашықтан оқыту жайы әңгіме өзегіне айналды. Облыс әкімі қатысушыларға коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, өңіріміз үшін аса маңызды көктемгі егісті ұйымшылдықпен өткізу қажеттігін атап айтты.

42 500 теңгені алу үшін Telegram-ботпен қалай өтініш беруге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рәсімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосты.

ТАЙЫНШАЛЫҚ КЕЛІНШЕК КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алтыншы адам тіркелді. Ол Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласында тұратын 1983 жылы туған келіншек. Ол бұған дейін екінші науқаспен қарым-қатынас жасаған адам ретінде дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір оның жағдайы тұрақты.