«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.04.2020

ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жыл басынан бері “Солтүстік” ӘКК” акционерлік қоғамы, “Қызылжар су”, “СҚО әкімдігінің муниципалды телерадиоарнасы” және “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Аудитпен 1 954,8 млн. теңге көлеміндегі мемлекет активтері қамтылды.

ОҚЫРМАНҒА ОЛЖА

“Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру” бағдарламасы аясында көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын қызықты кітаптар жарық көріп, өз оқырмандарын табуда. Жуырда біздің кітапхананың қоры осындай жаңа әдебиеттермен толықты.

СЫЙАҚЫ АЛҒАН ШЕНЕУНІК

Төтенше жағдайға қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күрес толастамайды. Тек азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жеке қабылдаулар “Skype” қосымшасы арқылы жүргізіледі. Бұл жайлы ведомство бастығы Ернар Баянғазин үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында баяндады.

ҮЙЛЕРІНЕ АПАРЫП БЕРЕДІ

Карантин жағдайына байланысты “Қазпошта” АҚ өңірлік филиалының қызметкерлері 65 жастан асқан облыс тұрғындарына зейнетақыларын үйлеріне апарып беретін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлесті

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің Президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Израиль саясаткері коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте Қазақстан халқы мен Үкіметіне қолдау көрсететінін айтты.

СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛУДЕ

Үстіміздегі жылы көктемгі су тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары қаупі ықтимал су айдындарын назарға алып, мониторинг жүргізуде.

ОН СЕГІЗ НАУҚАС БАР

Қазіргі таңда өңірімізде 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Соның тең жартысы өткен тәуліктерде анықталды.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

ТӘРТІП БҰЗҒАНДАРҒА ЖАЗА БАР

Полиция қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарды жүріп-тұруды барынша шектеуге шақырады. Үйден тек аса қажет болған жағдайда ғана шыққан жөн. Дүкенге, дәріханаға барған кезде кем дегенде 2 метр арақашықты сақтау керек. Сонымен қатар қоғамдық орындарда үш адамнан артық болмағаны жөн. Бұл талаптар Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.

БЕНЗИН АРЗАНДАДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жанар-жанармай бағасын он бес пайызға арзандатып, 179 теңгеден 165 теңгеге дейін түсіруді тапсырған болатын.