«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.04.2020

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады. 

БАРЛЫҚ АУДАНДА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

Қазіргі таңда өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтыртырғандардың саны 25-ке жетті. Оның жетеуі 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішевтің қатысуымен өткен орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалындағы баспасөз мәслихатында айтылды.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Соңғы күндері өңірімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейіп, тұрғындар арасында алаңдаушылық белең алған болатын. Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыспен танысу мақсатында №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде болған облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Facebook” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына сырқатқа шалдыққандардың біреуі тиісті ем алғаннан кейін оңалып, ауруханадан шығуға дайындалып …

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН Read More »

АЗАМАТТЫҢ АБЫРОЙЫ СЫНАЛАР СӘТ

Елімізде коронавирус індетіне байланысты орын алған төтенше жағдайға сәйкес “Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақ­тық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы” Жарлық шықты. Көпшілікке бұл құжаттың маңызын және мақсатын түсіндіріп өтуді жөн санаймыз.

АЛЛА ҮЙІН ТОНАУДАН АРЛАНБАҒАН

Әлеуметтік желіде мешіттегі садақа жәші­гін ұрлаған жас жігіттің сорақы әрекеті әшкереленген бейнежазба қызу талқыға түсіп, жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Бұл жаға ұстатарлық жайт жақында Тайынша ауданындағы орталық мешітте орын алған. Әуелі күдікті күндіз келіп, жәшіктің қай жерде тұрғанын қарап кеткен. Күн батып, адам аяғы саябырсыған уақытта садақа жәшігін көтеріп алып кеткені анық көрінеді.

TANYMDYQ DÁRİS

“Abylaı han rezıdensıasy” murajaı-kesheni áleýmettik jeliler arqyly onlaın sharalar ótkize bastady. Osy joly oblys turǵyndary “Abylaı hannyń XVIII ǵasyrdaǵy ishki jáne syrtqy saıasaty” taqyrybynda dáris tyńdap, Reseı jáne Qytaı elimen júrgizgen dıplomatıalyq qarym-qatynasy jaıynda bildi.

“БАРЫС” БАПКЕРСІЗ ҚАЛДЫ

“Барыс” хок­кей клубының бас бапкері Андрей Скабелка жұмысынан кетпек. Қазір клуб басшылығы жаңа бапкер іздестіруде. Бұл туралы клубтың ресми сайтын­да жарияланды.

БІР НАУҚАС ЖАЗЫЛДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында қауіпті індетке қатысты облыстағы жағдай бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

ЕТ СӨРЕЛЕРІ НЕГЕ БОС?

Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты облыс аумағында карантиннің жариялануы азық-түлік өнімдерінің күрт қымбаттауымен қатар тапшылығын да сездіре бастады. Оның бір себебі делдалдардың бағаны күрт өсіріп жіберуі болса, екінші себебі қағазбастылық, бюрократтық кедергілерге келіп тіреледі. Өткен сенбі-жексенбі күндері жұртшылық ат ізін жиі салатын базарлар сөрелерінде ет өніміне ұзын-сонар кезек қалыптасып, қасқалдақтың қанындай қат өнімге …

ЕТ СӨРЕЛЕРІ НЕГЕ БОС? Read More »

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР ҰСТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының Павлодар қаласына сапары сәтті аяқталды. 2018-2019 жылдары интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдіктілер ұсталды.

ҚАЛА КӘСІПОРЫНДАРЫ КАРАНТИНДІК РЕЖІМДЕ

Биылғы 3 сәуірден бастап об­лыс ор­талығындағы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар карантиндік режімге көшірілді. Кәсіпкерлер палатасында биз­нес қауымдастықты жедел түрде ақпараттандыру орталығы өз жұмысын жалғастыруда.

ЕРЕЖЕ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

Петропавл қаласында жарияланған карантин полицейлердің жұмысын күшейте түсті. Бастапқыда блокбекеттер саны алтау еді, қазір олардың саны 5-ке дейін қысқартылды. Якорь және Петерфельд ауылдарына апаратын жолдағы бекеттер Мамлют жолындағы бұрынғы «Батыс» бақылау қосынына көшіріліп, яғни қалаға қарай жақындатылды. Березовка ауылындағы бекет Солнечный кентіндегі жолаушылар автобусының соңғы аялдамасына, Пеньково ауылындағы бекет Омбы айналма жолына көшірілді.

ЖЕҢІЛДІК КЕЗЕҢІ ҰЗАРТЫЛДЫ

МӘМС бойынша аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин облыстағы көктемгі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралармен танысты. Вице-министр облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевпен бірге су басу қаупі жоғары Айыртау, Шал ақын, Есіл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды тікұшақпен әуеден бақылады.

БЕС ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

Карантин кезінде кәмелетке толмаған балалардың ата-анасынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғанымен, Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев пен Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында кешкі сағат жеті шамасында полиция жасағы 16 жасар бойжеткенді тоқтатты. Қыз бала өзінің үйінен туыстарына бара жатқан. Мектеп оқушысы қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, анасы шақыртылды. Оған қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама …

БЕС ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ Read More »

КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Петропавл қаласында карантин жаиялануына орай көшелерде бақылау күшейтілгенімен, кейбір азаматтар төтенше жағдай талаптарын елемеуде. Олардың бұл қылығы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 7-8 сәуір күндері оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде қарлы жабыр мен қар жауып, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада белгісіз біреу тұрғындарды пәтер есігін ешкімге, әсіресе полиция қызметкерлерімен бірге келген дәрігерлерге ашпауға шақырады. Хабарламада олар вирустық инфекцияға тест жүргізіп, нәтижесінде өлімге әкеп соқтыратын екпе егеді делінген. Облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екендігін ресми түрде жариялайды. Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге пәтерлерді …

ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ Read More »

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕСКЕРТІЛУДЕ

Петропавл қаласында карантин кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күн сайын күш құрылымдарының 540 қызметкері жұмылдырылады. Оның ішінде полицияның 140 қызметкері, Ұлттық ұланның 150 әскери қызметшісі мен Әскери институттың 250 курсанты бар. Жаяу жасақтар мен автопатрульдер көшелерді, қоғамдық орындарды бақылап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.