«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.04.2020

QANDASTARǴA QAMQORLYQ

“COVID-19” indetiniń aldyn alý úshin karantın jarıalanyp, qalaǵa kirip-shyǵýǵa tyıym salyndy. Sol sebepti atamekende bilim nárimen sýsyn­daý maqsatymen kelgen qandastarymyz úılerine kete almaı qaldy. Karantın bastalǵaly Mońǵolıa, Qytaı, Ózbekstan, Reseı memleketterinen kelgen 50 stýdent ýnversıtettiń №3 jataqhanasynan alysqa shyǵa almaýda. Sabaqtaryn qashyqtan oqıdy.

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨМЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында бүгінгідей қиын ке­зеңде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төлеу қажеттігін, нәтижесінде аталмыш көмек түрі кемінде 1,5 миллионнан астам қазақстандыққа көрсетілетінін айтқан болатын. Президенттің тапсырмасына орай біздің өңір бойынша ақысыз еңбек демалысында жүрген және жұмыссыз қалған 3 мыңға жуық азаматтың есепшотына ең төменгі жалақы деңгейінде, яғни 42500 теңге …

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨМЕК Read More »

ЖАҢА ҚОСЫМША – ЕРІКТІЛЕРГЕ ЖӘРДЕМ

Өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары еріктілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды байланыстыруға арналған “Senim” мобильді қосымшасының жобасын әзірледі. Енді қолдауға зәру азаматтар осы қосымша арқылы еріктілерді көмекке шақыра алады.

ОЙНАҚТАҒАН ОТ БАСАР

Петропавл қаласында карантин жарияланғаннан бері тәртіп сақшыларының жұмысы қауырт. Тұрғындардың бей-берекет жүруін шектеу оңай болмай тұр. Әсіресе, жастар кешкілік уақытта көше кезуін тоқтатар емес.

ОНЛАЙН АЙТЫС ӨТЕДІ

Қазақстан тарихында алғаш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен агенттік жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен онлайн режімде айтыс өтеді.

ОҢАЙ ОЛЖА ОПЫҚ ЖЕГІЗДІ

Петропавл қалалық сотында алаяқтық жолмен мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліккен облыстық қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен оның зайыбына қатысты үкім шықты.

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ – ТҰРҒЫНДАР БАҚЫЛАУЫНДА

Өңіріміздің кез-келген тұрғыны ашық бюджеттің интерактивті картасы сайтынан (https://publicbudget.kz) Солтүстік Қазақстан облысының 338 миллиард теңгелік бюджеті туралы мәліметпен таныса алады. Бұл туралы “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Аман Сатанов хабарлады. Ашық бюджеттің интерактивті картасына мемлекеттік мекемелер бюджеттің орындалуы туралы хабарларын жариялап, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайды. 

САЛТ АТТЫ САҚШЫЛАР – САЯЖАЙ КҮЗЕТІНДЕ

Салт атты полицейлер Петропавл маңында орналасқан Заречное және Новопавловка кенттеріндегі саяжай қоғамдастықтарындағы тәртіпті қадағалауға кірісті. Олар саяжай қоғамдастықтарының төрағаларымен, күзетшілерімен байланыс орнатып, учаскелердегі жағдаймен танысуда.

7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бірыңғай сатып алу терезесі» сервисі іске қосылғаннан бері өңірімізде мемлекеттік сатып алу барысында 7 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолы кесілді. Көбінесе кеңсе тауарлары, қағаз, жанар-жағармай сияқты ұсақ-түйекке тым жоғары баға белгілеген. Алайда сатып алынатын тауар көлемі көп болғандықтан, тиісінше оған жұмсалатын қаржы да қомақты.

ESKERTÝ!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 9-10 сәуір күндері оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ЖЕТІНШІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Ақмола облысында бір адам коронавирустан көз жұмды. 8 сәуір 13:45-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi: Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам.

ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУДІҢ ҚОЛАЙЛЫ ЖОЛЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мереке Мұхамедияров карантин жағдайында мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау тәртібі жайында әңгімеледі.

УХАНЬДА КАРАНТИН АЯҚТАЛДЫ

Уханьда көліктер ақылы автомобиль магистральдары арқылы шығу бекеттерінде кезек орнатып, жолаушылар пойызға отырып, қаладан кетуге асығуда.

АДАМ ӨМІРІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов төрткүл дүниені оттай шарпып, адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырған пандемия індетіне байланысты өңірде қалыптасқан ахуал жайлы брифинг өткізіп, өз сөзін жағымды жайттан бастады:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы

Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын.

ДАУЫЛ САЛДАРЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте соңғы туәлікте өңір аумағында орын алған дауылға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында сөз алған ведомство бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың айтуынша, дауылдың тұруына Ресейдің Салехард қаласынан келген циклон себеп болған.