«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.04.2020

JAZÝSHY ÁLEMINE SAIAHAT

Qazaq ádebıetiniń kórnekti ókili, qoǵam qaıratkeri Sábıt Muqanovtyń 120 jyldyǵyna oraı Qyzyljar qalasyndaǵy teatr ujymy jerlesimizdiń shyǵarmalaryn keńinen nasıhattaýda. Akterler onlaın túrde jazýshynyń eńbekterinen úzindi oqyp, kópshiliktiń yqylasyna bólenýde. Solardyń biri – Nurbol Qumarsha.

КӨП БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ — ЖЕҢЕМІЗ

Сан ғасырлық тарихында талай сын-қатерлерге төтеп берген халқымыз тағы бір қиындыққа тап болып отыр. Бүкіл әлемді жайлаған қауіпті індет қалыпты тіршілігімізді бұзып, небір тосын жайларды алға тартуда. Осындай қысылтаяң шақта халқына сөз арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз бетінде жария­ланған “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” атты мақаласы арқылы бәрімізді қиындықтарды жеңуге жұдырықтай жұмылуға, “бір жағадан бас, …

КӨП БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ — ЖЕҢЕМІЗ Read More »

“SOLTÚSTІK QAZAQSTANNYŃ” WHATSAPP ЖЕЛІСІ

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті комиссия мүшелері және жиынға қатысушылар! Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына жиналып отырмыз. Біз коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық.

ӨНЕРПАЗДАРДЫ ОНЛАЙН ТАМАШАЛАҢЫЗ

Елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты облыс тұрғындары үшін мәдени шаралардың онлайн бағдарламасы жасалып, өнерпаздар қашықтан жұмыс істеуде. Әлеуметтік желілерде қызықты сұхбаттар мен концерттер ұйымдастырылуда. Сәуір айының соңына дейін өңір тұрғындары түрлі форматта жүзден астам шараны тамашалай алады. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов айтты.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында – жаңа басшы

Солтүстік Қазақстан об­лысы­ның әкімі Құ­мар Ақса­қа­ловтың өкімімен Бейбіт Қайыр­кеш­ұлы Исманов облыстық табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқар­масының басшысы болып тағайындалды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЭМОМАЛИ РАХМОНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Тәжік тарапының ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралуы мен оның теріс әсеріне байланысты өңірдегі эпидемиологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдап жатқан шаралары мен нақты іс-әрекеттері туралы ақпарат алмасты.

АРЗАНҒА ҚЫЗЫҒЫП, АЛАЯҚҚА АЛДАНДЫ

Хабарландырулар сайты арқылы автокөлігіне жаңа қозғалтқыш сатып алмақ болған петропавлдық қыз алаяқтың құрбанына айналды. Ол қосалқы бөлшектің тым арзан екеніне қызығып, 320 мың теңге алдын ала төлемді аудара салған. Бұдан соң сатушы байланысқа шықпай қойғандықтан, жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

КАРАНТИН ТӘРТІПТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Облыс орталығында 3 сәуірден карантиндік режім енгізілді. Төтенше жағдай кезінде індеттің таралуына жол бермеудің ең тиімді жолы – тұрғындардың барынша үйде оқшаулануы, өзара қарым-қатынасты шектеу. Қажет болған жағдайда жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, ауруханаға барғанда жеке куәлік ала жүруді ұмытпаған жөн. Карантиндік режімнің сақталуын қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкері электронды деректер базасы арқылы планшеттен сіздің …

КАРАНТИН ТӘРТІПТІ ТАЛАП ЕТЕДІ Read More »

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ ӘЗІР

 Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары биыл 90-ға жуық елді мекенді су басатынын, оның ішінде 41-і еріген қар суынан, 36-сы шағын өзендердің, 15-і көлдердің суға толуынан зардап шегетінін болжаған болатын. Алайда, көктемнің ерте келіп, қардың бірқалыпты еруіне байланысты қауіп аз да болса сейілгені байқалады. Дегенмен, босаңсуға, жайбарақаттыққа салынуға болмайды. Өйткені, табиғаттың айтып келмес тосын апаты кез …

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ ӘЗІР Read More »

ТАҒАЙЫНДАУ

Солтүстік Қазақстан об­лысы­ның әкімі Құмар Ақса­қа­ловтың өкімімен Сер­гей Вла­димирович Меле­хов облыстық дене шы­нықтыру және спорт бас­қар­масының басшысы бо­лып та­ғайындалды.

ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН ОПЫҚ ЖЕЙДІ

Өрт қауіпсіздігін елемеудің салдарынан биылғы жылдың басынан бері облыс аумағында 118 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев мәлімдеді.