«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.04.2020

ONLAІN FORMATTAǴY JІYN

Tótenshe jaǵdaı talaptaryna baılanysty M.Qozybaev atyndaǵy Soltústik Qazaqstan ýnıversıteti “Jastar jáne ǵylym — 2020” halyqaralyq ǵylymı-tájirıbelik konferensıasyn onlaın rejimde ótkizdi.

“ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ!”

Облыстық волонтерлер клубының мүшелері көмекке зәру жандарға қол ұшын созуда. Жуырда қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды табыс етті.

ҚОРДЫҢ ҚАРЖЫЛАЙ ДЕМЕУІ

Қызылжар өңірінде бір аптаның ішінде 3669 адам 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды. Бұл төлемдерді мұқтаж жандарға “Birgemiz – Qyzylzhar” қоғамдық қоры аударды.

Beeline індет салдарымен күресуге 312 миллион теңге бөлді

Beeline Қазақстан төтенше жағдай кезінде құрылған «Birgemiz» қорына 312 миллион теңге жарна аударды. Бұл қаржы мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарлар мен медицина жабдықтарын сатып алуға жұмсалмақ.

ҰНҒА – 21 ПАЙЫЗ ЖЕҢІЛДІК

      «Диқаншы» фирмасы жегілікті нарықта ширек ғасырға жуық жұмыс істеп келеді. Негізінен ауыл шаруашылығы саласымен, соның ішінде ұн өнімдерін өндіріп, алыс-жақын шетелдерге экспорттаумен айналысады. Кәсіпорын қайырымдылық шараларынан да бас тартқан емес.      Серіктестік басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетіне қарсы бір кісідей жұмыла қарсы тұру туралы үндеуін қолдай отырып “Өз қалаңа көмектес” акциясын …

ҰНҒА – 21 ПАЙЫЗ ЖЕҢІЛДІК Read More »

ЕСІЛ СУЫ КӨТЕРІЛУДЕ

Облыс аумағындағы алдын алу жұмыстары жүргізілгенмен, Есіл өзенінің деңгейі артуда. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы мамандарының айтуынша, Шал ақын аудаындағы Сергеевка су қоймасындағы судың деңгейі бөгеттің жотасынан 162 сантиметрге асты. Нәтижесінде Есіл мен Қызылжар аудандарында өзен деңгейі көтерілуі тіркелді. Атап айтқанда, соңғы тәулікте Есіл ауданындағы Покровка маңында өзеннің суы 88 сантиметрге артып, алқаптарға жайылуда. …

ЕСІЛ СУЫ КӨТЕРІЛУДЕ Read More »

ЕСКЕРТУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 14 сәуір күні оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

ТАҒЫ БІР НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Өңірімізде қауіпті індет жұқтырған тағы бір науқас анықталды. Бүгінде Ақжар аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде ем алып жатқан сырқатпен байланыста болған барлық адамдар тексерілуде. 2001 жылы дүниеге келген Ақмола облысының тұрғыны көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізу мақсатында Ақжар, Уәлиханов аудандарында болған. 12 сәуір күні өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жас жігіт бірден ақ халаттылардың бақылауына …

ТАҒЫ БІР НАУҚАС ТІРКЕЛДІ Read More »

#ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желі қолданушыларының белсенділігі артқаны байқалады. Осы жайт ескеріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатын іске асыру ісі жаңа ақпараттық талаптарға бейімделуде. Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.

ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТАР КЕЗ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихаты көктемгі егіске дайындық барысына арналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтің айтуынша, үстіміздегі жылы 4,2 млн. гектар алқапқа егін егу жоспарланса, дәнді дақылдардың үлесі 2,8 млн. гектарды құрайды. Майлы дақылдар 955,4 мың гектарға сіңірілмек, бұл – жалпы егістіктің 23 пайызы. Сондай-ақ, 47,4 мың гектар алқапқа …

ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТАР КЕЗ Read More »

ҚАЛАЛЫҚТАР ҚЫДЫРУЫН ДОҒАРАР ЕМЕС

Өңірімізде карантин кезінде көшеде бейсауат жүрген 90-нан астам адамға айыппұл салынды. Қалалықтар облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып, әрлі-берлі жүруін тоқтатар емес. Бұл жайт тәртіп сақшылары өткізген рейд барысында анықталды. Техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейтін екі ер адам жұмыс күнінің үш сағат бұрын аяқталғанына қарамастан, көшеде жүрген жерінде тоқтатылды. Өздерінің айтуларынша, олар таныстарына бара …

ҚАЛАЛЫҚТАР ҚЫДЫРУЫН ДОҒАРАР ЕМЕС Read More »

EGOV-ТАҒЫ АШЫҚ ДИАЛОГ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко «Ашық диалог» интернет-порталында өткізген конференциясы барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері қозғалды.

БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар сең көшуінің салдарынан Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінің ортасында қалған бес балықшыға көмекке келді.

ОРЫНБАСАРЫ ПАРА АЛҒАН БАСШЫ ЖҰМЫСТАН КЕТТІ

Елімізде саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын басшыларға тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда басшыларына тәртіптік жауапкершілік қарастырылғаны белгілі. Жаңа талаптың өңірімізде қалай жүзеге асырылып жатқаны жайында онлайн үлгіде өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин баяндады. Өңірімізде кәсіпорындардың бірінде …

ОРЫНБАСАРЫ ПАРА АЛҒАН БАСШЫ ЖҰМЫСТАН КЕТТІ Read More »