АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету мен көші-қон қызметі орталықтары уақытша жабылды. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу қажеттігінен туындады.
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету мен көші-қон қызметі орталықтары уақытша жабылды. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу қажеттігінен туындады.
Облыс орталығында 410 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Күн сайын Петропавл қаласындағы тәртіпті қадағалауға 500-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметшілер жұмылдырылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды: Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы
Соңғы күндері құбылмалы ауа райы жүргізушілерге қолайсыздық тудыруда. Өңір полицейлері облыс жолдарында батып қалған екі алматылыққа көмектесті. Бір жүк көлігі саздан, ал екіншісі боранды күні жол жиегіне түсіп кеткен жерінен шығарылды.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 15 сәуір күні оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кей жерлерде тұман түсіп, жаңбыр жаууы ықтимал.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев жергілікті телеарналар арқылы өткізген кезекті брифингте әлем халқын абыржытып отырған COVID-19 вирусына орай өңірде орын алған ахуалға тоқталып, бірқатар сауалдарға жауап берді.
Соңғы кездері карантиндегі тұрғындарға көмек көрсетуге ниет танытқан еріктілердің атын пайдаланып, үйлеріне кіру арқылы алаяқтық жолмен пайда табуға қатысты фактілер орын алған. Бұл жайлы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ирина Тухватулина төтенше жағдай кезінде жергілікті еріктілердің жұмысы жайлы баяндаған баспасөз мәслихатында айтты.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранттары М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да қашықтан ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған оқу орнының «Қаржы» мамандығының екінші курс студенттері үшін «ZOOM» платформасында вебинарлар мен конференциялар ұйымдастырылды.
Тәртіп сақшылары карантиндік бекетті айналып өтпек болған жастарды ұстады. Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының тұрғыны мен облыс орталығының үш азаматы «Kia Spectra» автокөлігіне мініп Петропавл қаласынан шықпақ болады. Жігіттер өздерін №1 блок-бекетте тоқтатқан сақшыларға Бәйтерек ауылына достарының моншасына жуынуға бара жатқандарын айтқан. Полицейлер оларға карантин кезінде қалаға кіріп-шығуға болмайтынын айтып түсіндірді. Постан өтуге жүк және …
Осыдан төрт жыл бұрын, дәлірек айтқанда, 2016 жылы шілде айында Елбасының қатысуымен Астанада өткен телекөпірде Петропавл трактор зауытының тұсауы кесіліп, жылына 100 техника шығару, 48 адамды жұмыспен қамту секілді ауқымды міндеттер белгіленген болатын.
Қоғамда күйзелісте жүрген жандар аз емес. Мамандар, тіпті, соңғы жылдары жан күйзелісі екінің бірінде кездесетінін айтып, дабыл қағуда. Жалпы күйзеліс немесе депрессия дегеніміз не? Одан құтылудың жолы бар ма деген сауалдар әр адамды мазалайды.
Бүгінде әлем елдерін тығырыққа тіреген коронавирус індетімен күресте ақ халаттыларға ерекше жауапкершілік жүктелді. Өз өмірімізге қауіп төніп тұрса да, біз тұрғындардың денсаулығы үшін алаңдап, қолымыздан келген көмекті көрсетуге тырысудамыз. Бұл орайда облыстық жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлеріне артылған сенім зор.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері елімізде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл іс әлі де толастамақ емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында: “Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету …
Түзеу мекемесінің міндеті сотталған азаматты жазалау емес, тәрбиелеу екені белгілі. Бабаларымыздың өзі “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш”, “Иілген басты қылыш кеспес” деп кешірімді болуға, қателік жасаған адамды кеудесінен итермей, қатарға қосуға кеңес берген. Өңіріміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар арасындағы тәрбие жұмысы осы қағидаға сай жүзеге асырылуда.
Жаз да жақындап қалды. Демек, көліктің дөңгелегін ауыстыратын кез келді. Себебі автокөліктердің барлығы Кеден одағының “Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық талаптарына сәйкес болуы керек.
Бруцеллез – жұқпалы ауру. Бұл дертті адам жануардан жұқтыруы ықтимал. Сырқат белгісі бірден байқалмайды. Жұқпалы індет адамда 2-3 аптадан кейін пайда болады. Дертке шалдыққан адам өзін әлсіз сезініп, дене қызуы көтеріледі. Сондай-ақ, асқа зауқы соқпайды, терлеп, денесі қалтырайды. Кейін басы ауырып, ұйқысыздық орын алады. Бруцеллез кезінде буындар ісінеді. Сондықтан дертті асқындырып алмау қажет. Ауру белгілері …