ШЫРАЙЫ КЕТКЕН ШЕКАРАДАҒЫ АУЫЛДАР
Кез келген мемлекет үшін шекара – қасиетті ұғым. Өйткені, іргесі берік елдің ғана еңсесі биік болады. Еліміз тәуелсіздік жылдары шекараны шегендеп, халықаралық заңдармен бекітіп алғанымен, бүгінде бұл төңіректе өзге бір түйінді мәселенің құлағы қылтиятындай. Ол – шекаралық ауылдардағы халықтың күрт азаюы. Бүгінгі таңда Қызылжар өңірінің Ресеймен шекарасы 1269 шақырымды құраса, оның өн бойында орналасқан ауылдардың …