АТАМНЫҢ АЙТҚАНДАРЫ
Менің атам Рақымжан Мауғизаұлы 1916 жылы Шал ақын ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. Кәмпескені де, аштықты да көрген, жетімдіктің де тауқыметін бір кісідей тартқан адам. Ұлы әжеміз жастай жесір қалып, төрт ұл, бір қызды жалғыз өзі жеткізген екен. Атам 1942 жылы 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында Ленинградты қорғауға қатысқан, сол жерде жараланып, госпитальға түседі. Жазылған соң …