«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.05.2020

ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ ЕШ КЕДЕРГІСІЗ ӨТТІ

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов тұрғындардың сауалдарына жауап береді. Көктемгі егіс науқанын ұйымдастыруға және ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай жатқан мәселелерге қатысты сұрақтар “Soltústik Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және “WHATSAPP” желісіне көптеп түскенін айта кеткен жөн.

ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

Елімізде төтенше жағдай режімі аяқталғанымен, қуануға әлі ерте. Карантиндік шаралар жеңілдетілсе де, бірқатар шектеулердің сақталуы індет қаупі толық жойылмағанын, тіпті, екінші толқынға ұласып кетуі ықтималдығы жоғары екенін байқатса керек. Сарапшылар мұндай жағдайда оның соңы ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа соқтыру мүмкіндігін жасырмайды. Қазірдің өзінде әлемде 400 миллионнан астам кәсіпорынның банкрот болудың алдында тұрғаны, еңбекке жарамды халықтың …

ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Read More »

АЛТЫ АДАМ АМАН ҚАЛДЫ

Бүгін Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, құтқарушылар алты адамды ажал аузынан аман алып қалды.

АУЫЛДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов алқап басында агроқұрылымдардың басшыларымен кездесті.

“ҚЫЗЫЛЖАР АЛАМАНЫ” – ЖАҢА ЖОБА

Соңғы жылдары бір кездері өңірімізде кенже қалғандай көрінетін айтыс өнерінің тынысы ашыла бастағаны анық. Соның бір мысалы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен ақындардың телевизиялық айтысы қолға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, “Қызылжар аламаны” деп аталатын бұл сайыс сары күзге дейін жалғасады.

ЖАҚЫНЫМДАЙ ЖАНАШЫР

Дәрігер мамандығына әркімнің де құрметі зор. Ал егер ақ халатты абзал жан өз ісінің білгірі болса, онда оған деген құрмет, тіпті еселенеді. Петропавл қаласындағы №3 қалалық емхананың дәрігері Раушан Байлина да біз үшін жақын адамдарымыздың біріндей өте сыйлы. Қашан барсаң да күлімдеп қарсы алатын, ауырған жеріңді мұқият тексергеннен кейін ем тағайындайтын ақ халатты абзал жанға …

ЖАҚЫНЫМДАЙ ЖАНАШЫР Read More »

ЕКПЕ ЕГУДІ МІНДЕТТЕУ КЕРЕК ПЕ?

Бүгінгі күні қоғамда балаларға екпе қою мәселесі қызу талқылануда. “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекске балаларды вакцинациялауды міндеттеу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылған. Екпе егуді заңмен міндеттеу дұрыс па? Көпшіліктің пікірін сұрап білген едік. Гүлімжан ЕСКЕНДІРОВА, ата-ана: – Менің екі ұлым бар. Бірі – оқушы, екіншісі балабақшаға барады. Жас ерекшеліктеріне орай екеуі де түрлі …

ЕКПЕ ЕГУДІ МІНДЕТТЕУ КЕРЕК ПЕ? Read More »

КЕНЕ – ҚАУІПТІ ЖӘНДІК

Көктемде жануарлардың, құстардың және буынаяқтылардың биологиялық белсенділігі артады. Олар әртүрлі жұқпалы ауру көздері әрі тасымалдаушылары болып табылады. Әсіресе, кене энцефалиті вирусы адамға қауіпті. Көбіне бас пен жұлын миының қабықшаларын зақымдайды. Кене энцефалитін жұқтырудың 25-30 пайыз жағдайында науқас қайтыс болуы мүмкін. Сондай-ақ, мүгедектікке душар ететін (сал, эписиндром, ақыл-ойдың төмендеуі) ауыр асқынулар дамуы мүмкін.

ДЕРТТІ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ

Біздің өңірде адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы 1989 жылы тіркелді. Отыз жылдың ішінде медицина едәуір алға қадам басты. Сондықтан бұл диагноз науқасқа үкім емес. Бүгінде осы сырқат түрін емдеуге бағытталған іс-шаралар ұзақ әрі бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді.

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

Еліміздегі төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты биылғы жылдың 13 мамырынан бастап облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі орталығы (Жамбыл көшесі, 71А) кестеге сәйкес жұмыс істеуде:

БАРЛАУШЫ БАЙТОЛЛА

Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің қайсарлығы мен батылдығының арқасында бүкіл әлем фашизм құрсауынан босап, бейбіт аспан астында өмір сүруде. Жерімізді тұтқиылдан келген жаудан азат ету жолында қаны мен терін аямай төккен жерлес майдангерлердің бірі Байтолла Аманжолов еді.

ТЕРЕҢ БАТЫРАДЫ

Өңірімізде суға шомылу маусымы бастала қоймаса да, бос уақытын өзен-көлдердің жағасында өткізетіндер аз емес. Өкінішке қарай, қауіпсіздік ережелері сақталмай, демалыс қайғылы аяқталып жатады.

АҚПАРАТ УАҚТЫЛЫ ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ ЖӨН

«Qyzyljar – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық филиалымен бірлесіп жүргізген қоғамдық мониторинг барысында Петропавл қаласының «Ашық әкімдігі» мен «Ikomek» тұрғындарға көмек көрсету орталығының жұмысын тексерді. Қоғам белсенділері операторлардың, ақпараттық жүйелердің жұмысымен, тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қабылдау және өңдеу тәртібімен танысты. Тексерушілер орталық жұмысының қажеттілігі мен көкейкестілігін атап өтті. Тұрғындар өтініштерінің 38 …

АҚПАРАТ УАҚТЫЛЫ ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ ЖӨН Read More »

ҚОС ҚАЙСАР ҚЫЗМЕТШІ

Кеше Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 11 жасар баланы ажал аузынан аман алып қалды.

БАТЫРҒА ТАҒЗЫМ

Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың зираты Чернобыль маңында күтімсіз қалғандықтан, даңқты жерлесіміздің сүйегін Петропавлға қайта жерлеу жайында облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің беттерінде бұған дейін де талай жазылған болатын. Батырдың туған-туысқандары көтерген бұл бастама облыс басшылығы мен жұртшылық өкілдері тарапынан да қолдау тапқан еді. Осы мақсатқа және зират басына ескерткіш орнатуға қаржы жинау үшін “Кеңес Одағының …

БАТЫРҒА ТАҒЗЫМ Read More »

ОҚУ АҚЫСЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

Қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қашықтан білім алып жатқан студенттердің оқу ақысы төмендемейді. Тек 218 студенттің жалпы сомасы 19 млн. теңге көлеміндегі төлемінің мерзімі ұзартылыпты. Көпшілікті толғандырған бұл сұраққа М.Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының міндетін атқарушы Ербол Исақаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жауап берді.

ЦИФРЛАНДЫРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

  “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің өкілдері түрлі салалардағы мемлекеттік органдар өткізетін тестілеу рәсімдерінің ашықтығын анықтау үшін мониторинг жүргізіп, бұл үдерісті цифрландыру қажет деген байлам жасады.

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ

Өңірімізде сәуір айында карантин жарияланып, көптеген нысандар жұмысын тоқтатқанымен, жалпы даму көрсеткіші өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіден төмендемеген. Тек азық-түліктің бағасы 4,8 пайызға қымбаттап, басқа тауар түрлері мен ақылы қызметтердің құны 1,5 пайызға артқан. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің кірісі мен шығыс бөлігінің орындалу барысы талқыланды.