«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.08.2020

Карантин кезең-кезеңмен жеңілдетіледі

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты және карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету критерийіне қол жеткізгенімізді ескере отырып, Үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен болған Мемлекеттік комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы ұсынысы қаралды.

МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛМЕК

Биыл Қызылжар өңірінде 1 мың шақырым жол жөнделмек. Осы мақсатқа қазынадан 39,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл жайлы “Qyzyljar” телеарнасында тікелей эфирде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Баяхмет мәлімдеді.

Егін ерте пісті

Шалғайдағы Ақжар ауданы диқандарының дәнді дақылдарды оруға кіріскеніне бір аптадан асты. Үстіміздегі жылы ақжарлық шаруалар 183,4 мың гектарға дәнді дақыл сіңірген. Оның 142,7 мыңы бидай болса, 38,8 мың гектарына – арпа, 0,2 мың гектарына – сұлы және 0,1 мың гектарына бұршақ отырғызылған. Майлы дақыл алқаптарының жалпы ауданы 72,4 мың гектарды құрайды. 5,5 мың гектарды – …

Егін ерте пісті Read More »

МІНДЕТ — ЛАЙЫҚТЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова онлайн режімде партиялық кадрлық резервтің қатысушыларымен кездесу ұйымдастырып, кандидаттарды праймериз өткізу тәртібі мен партияішілік іріктеу ерекшеліктерінен хабардар етті.  

ҒЫЛЫМ – ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда алда тұрған басты міндеттерінің бірі – саланы цифрландыру әрі бұл жұмыстарды ғылымға негіздеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында “ақылды технологиялар” бүгінгі таңда адамзат өмірінің барлық саласына еніп, оның ажырамас бөлігіне айналғанын, цифрландыру бәсекеге қабілетті экономиканы дамытудың басты тірегі екенін атап айтқан болатын.

ҚИЫНДЫҚПЕН КҮРЕС

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы және үстіміздегі жылдың жеті айының экономикалық қорытындысы қаралды.

Аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – есірткі мен психотроптық заттардың заңды айналымын бақылау. 5 күн бойы полицейлер медициналық және фармацевтикалық мекемелерде құрамында есірткі құралдары бар препараттарды сақтау, сатып алу және жою ережелерінің қаншалықты қатаң сақталғанын тексерді. Бұл салада бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Мемлекет басшысына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы 7 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Мұқановтануға қосылған сүбелі еңбек

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананда жазушы, сыншы-ғалым, публицист Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқановтың тағдырына арналған «Келбет» атты кітабының тұсаукесері болды.

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінгі таңда «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-ы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында тозығы жеткен электр желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

ЖАУАПТЫ НАУҚАН ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Ақжар ауданының диқандарының дәнді дақылдарды оруға кіріскеніне бір аптаның жүзі болды. Бүгіндері жергілікті шаруалар жауапты науқанға білек сыбана кіріскен.

МАРАЛМЕН СОҚТЫҒЫСТЫ

Тамыздың 13-інен 14-іне қараған түні Қызылжар ауданында «Scoda Superb» көлігі жолда кенеттен пайда болған маралмен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының 466-шы шақырымында, Бескөл кентінің маңайында түн жарымында орын алды. 40 жастағы жүргізуші астана тұрғыны екен. Қауіпсіздік жастығының арқасында оның денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Көлігі қирап, арнайы техника шақыртуға тура келді. Жануар сол жерде …

МАРАЛМЕН СОҚТЫҒЫСТЫ Read More »

ТЕРЕЗЕДЕН ТӨНГЕН ҚАУІП

Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы үйлердің бірінің төртінші қабатының терезесінен 3 жасар бала құлап кетіп, мерт болды. 

Елімізде карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.