ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Біз бір орында тұрмайтын, үнемі өзгеріске түсіп отыратын әлемде өмір сүреміз. Бізді бір қаладан екінші қалаға көшіп немесе саяхаттап жүрген толассыз, сансыз адамдар қоршайды. Азық пен су, жер ресурстары, жанар-жағармайға деген қажеттіліктердің өсуі, климаттың өзгеруі және тағы басқа факторлар халық санының тынымсыз күрт өсуіне әсерін тигізуде.