«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.08.2020

ЫРЗЫҒЫН ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН

“Еңбек” бағдарламасының бір тармағы – халық тығыз орналасқан өңірлердегі жұмысқа қабілетті отбасыларды маман тапшы облыстарға көшіру. Әр облыс осы бағдарлама негізінде жасалған өз жоспарын жүзеге асыруда. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қызылжар өңіріне көшіп келушілердің саны күн санап артуда.

Маңызды мәселелер – басты назарда

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов “AntikorLive” жобасының тікелей эфирінде жаңа оқу жылына дайындық және мемлекеттік мекемелердің жұмысы жайлы баяндады.

ОБЛЫС ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жылдағы дәстүр бойынша мәслихат депутаттарымен кездесіп, жыл басынан бергі жеті айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, алдағы міндеттер туралы кеңінен баяндап берді.

Жаңа бағдарлама

Елімізде “5-10-20” бағдарла­ма­­­сы бойынша баспаналы бол­ғы­сы келетіндерден өтініштер қа­былдау басталды. Жаңа бағдар­мала­ның артықшылықтары жай­лы “Qyzyljar” телеарнасында ті­келей эфирде өткен брифингте “Қазақ­стан тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі” АҚ-ы облыстық филиа­лы директорының орынбасары Рай­­хан Әбдірахманова мәлім­деді.

БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

Облыс аумағында 1,5 тонна балық қырылды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, тосын жағдай  Тайынша ауданында орын алған.

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІКТІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық басқармалардың бірінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ЖАРАЙСЫҢ, ЕЛДОС!

Тайынша ауданындағы Алабота орта мектебінің 5-сынып оқушысы Елдос Жангелді «Жануарлар – менің достарым» атты республикалық экологиялық байқауда жүлделі орынға қол жеткізіп, Австрияға жолдама алды.

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазіргі таңда облыста қауіпті індет жұқтырған науқастардың жалпы саны 3822 адам. Соның 2388-де ауру белгісі анықталды. Инфекциялық вирус жұқтырған науқастардың 70 пайыздан астамы емделіп, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 19 адам қауіпті індеттің құрбаны болды.

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Елімізде «5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталды. Бұл мақсатқа қазынадан 390 млрд. теңге бөлінбек. Бұл туралы «Qyzyljar» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы облыстық филиалы директорының орынбасары Райхан Әбдірахманова мәлімдеді.

503,7 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРҒАН ҚАРИЯ

Соңғы жылдары саламатты өмір салтын ұстанған солтүстікқазақстандықтардың саны артуда. Ресми мәліметке сәйкес, бұқаралық спортпен шұғылданатын жерлестеріміздің саны биыл 176 мыңға жеткен. Олардың қатарында зейнет жасына жетсе де, кәрілікке бой алдырмай жүрген қарттар да жетерлік. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны, марафоншы Қазыбек Бекеев.

Головкин келесі жекпе-жегінен қанша алады?

DAZN ағынды платформасының басшылығы қазақстандық Геннадий Головкинмен трилогия болмаса, платформаның басты жұлдызы, мексикалық боксшы Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі үшін төлемді едәуір төмендетуге ниетті.

ОҚЫРМАНҒА ОЛЖА

Бар ғұмырында ғақлиялы сөздерімен, отты өлеңдерімен туған халқын надандық тұманына тұншықтырмай, нұрлы болашаққа, сәулелі өмірге жетелеген дара данышпан, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елімізде, мемлекетімізден тысқары жерлерде түрлі мәдени, рухани шаралардың ұйымдастырылып, ойлы оқырманның жүректеріне жол тартқаны белгілі. Солардың әрқайсысына шынайы ниетпен тілеулес болып, ғұламаның ұлт тәрбиелеу ісіндегі әр сөзінің бүгін мен болашақ …

ОҚЫРМАНҒА ОЛЖА Read More »

Қытай эпидемиологы Ресейдің қандай вакцина жасағанын айтып берді

Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан ресейліктердің COVID-19-ға қарсы вакцинасын жоғары бағалады және Ресейді дәрі-дәрмектерді тіркеу аяқталуымен құттықтады. Сарапшы сонымен бірге оның клиникалық сынақтарының сәтті аяқталатынына сенім білдірді.