«ҚҰЛАГЕРДЕ» – ЖАҢА БАСШЫ
«Құлагер» хоккей клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл лауазымға белгілі спорт маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Есеналин тағайындалды.
«Құлагер» хоккей клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл лауазымға белгілі спорт маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Есеналин тағайындалды.
Күзгі орақ – дән молшылығы үшін ала жаздай бел жазбаған диқандар қауымы үшін аса жауапты кезең. Алайда, биылғы жиын-терім басталғанына он күннен асқанына қарамастан, әлі күнге дейін егістіктің тек 13,2 пайызы орылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске үлес қосу мақсатында бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдап, медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн. теңге қаржы жинады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды. Олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады.
Елбасы Асқар Маминге сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Твиттердегі» парақшасында хабарлады.
2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы әлемнің 50-ден астам елінен қатысатын өнер олимпиадасына қатысуға шақырту алды. Осы орайда АҚШ астанасы Вашингтонда өтетін байқауға қатысу мүмкіндігін алған жас өнерпаз «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берді. «Сурет салу өнерімен 7 жыл бойы айналысып келемін. Тараз қаласындағы көркемөнер мектебін үздік тәмамдадым. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінде оқимын. Бұған …
Қазақстандық жас суретші АҚШ-тағы халықаралық байқауда бақ сынайды Read More »
Австрияның Линц қаласында қоғамдық көлік жүйесі аэротаксимен, яғни әуеде ұшатын рейстік көліктермен толықтырылады.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 730 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді.
Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күн сайын 270 полиция қызметкері шығады, олардың 151-і – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, ал 119-ы полиция қызметкерлері. Биылғы жылдың 7 айында облыс бойынша полицияның кешенді күштері 2300-ден астам құқық бұзушылықты ашуға қатысты.
Тестілеудің үшінші кезеңінен өтпеген ресейлік вакцинаны қолдану салдарынан коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы «Reuters» агенттігіне сұхбат берген ғалымдар айтты.
COVID-19-бен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
24 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 376,8 мың қазақстандық алды, оның …
42 500 теңгені 2,3 млн-нан астам қазақстандық алды Read More »
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің саладағы атқарылып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады.
Президент Сенат Спикерімен Парламенттің жаңа сессиясының ашылуына дайындық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Президентке Жоғарғы Палатаның өткен сессиядағы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.
Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 120 жылдығын мерекелеу аясында өңірде тұңғыш ұйымдастырылған «Қызылжар аламаны» атты телевизиялық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Үш айға созылған жыр додасының ақтық кезеңіне жолдама алған Есіл ауданының қос жүйрігі Жұмабек Рақымов пен Абзал Жұмабектің өнеріне көрермендер дауыс беріп, …
Петропавлда өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы мен өтемақы төлеу мәселелерін қарастырды. Үстіміздегі жылдың шілде айында COVID-19 инфекциялық вирусымен күрескен 2600-ге жуық медицина қызметкеріне үстемеақы төленді.