«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.08.2020

АУА РАЙЫ ЫРЫҚ БЕРЕР ЕМЕС

Күз – ала жаздай бел жазба­ған диқандар қауымы үшін аса жауапты кезең. Биылғы орақ науқаны басталғанына он күннен асқанымен, егіннің тек 13,2 пайызы ғана орылған. Басты себеп – толассыз жауған жаңбыр.

АУЫЛ БАЛАЛАРЫНА – ҮЛКЕН ҚОЛДАУ

“Белсенді жастар” қоғамдық бірлестігі “Birgemiz: Bilim” жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын отбасылардың және ауылдық жерлерде тұратын балаларды қамтып, оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Арқаны кеңге салуға әл ерте

Қазіргі таңда облыста қауіпті індет жұқтыр­ған науқастардың жалпы саны 3822 адам. Соның 2388-інде ауру белгісі анықталды. Инфекциялық вирус жұқтырған науқастардың 70 пайыздан астамы емделіп, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 19 адам қауіпті індеттің құрбаны болды.

Қазақстанда әрбір сегізінші оқушыға интернет қолжетімсіз

Мектептер әлі де болса қашықтан оқытуға дайын емес. Әрбір сегізінші оқушыға интернет желісі қолжетімсіз. Осындай пікірлерді алға тарқан ата-аналар қауымдастығы мен кей депутат өкілі наразылықтарын білдіріп отыр.

29 тамызда “Тур де Франс” басталады

29 тамызда велошабандоздар арасындағы ең белді жарыс – “Тур де Франс” басталады. 20 қыркүйекке дейін созылатын көпкүндікте “Астана Про Тим” клубының да спортшылары бақ сынайды.

ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Экология саласындағы өзекті мәселелердің бірі – өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау, сұрыптау және қайта өңдеу. Әлемдік тәжірибеден мысал келтірсек, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі өркениетті елдерде жақсы жолға қойылған. Мәселен, Германияда кез келген сусынның бағасына құтының құны қосылады. Оны кері өткізгенде ыдыстың ақшасы қайтарылады. Мұны қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты қалыптастырудың, экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің бір …

ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ Read More »

Қазақстан 4 елмен халықаралық ұшу рейстерін қалпына келтірді

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді.

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 133,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында жалпы сомасы 133,5 млрд. теңгеге 389,4 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Шілде айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,9 млрд. теңгеге 391,4 мың отбасы алды.

Қазақстан Президенті жазушы Мархабат Байғұтты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты 75 жылдығымен құттықтады. Президенттің құттықтауын Түркістан облысы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында оқып берді.

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

ҚАТЫГЕЗДЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚАЖЕТ

Соңғы кездері үй жануарларын қатыгездікпен қорлаушылардың жауыздық іс-әрекеттері қоғамда үлкен наразылық тудырып, тиісті жерлерге қарата айтылған өтініш-тілектер заң нормаларын қайта қарап, барынша қатайту керек деген ортақ арнаға тоғысады. Шынында да, пайдасынан басқа зияны жоқ төрт аяқтыларға көрсеткен тағылық мінездер жаға ұстатады. Атыраулық тасжүрек иттің басын тоңазытқыштың есігіне қысып, адамның өңі түгіл түсіне де келмейтін қылмысқа …

ҚАТЫГЕЗДЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚАЖЕТ Read More »

Жанашырлық жетіспейді

20 шілдеде бастау алып, 30 тамызға дейін жалғасатын “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өңір тұрғындарының бойында қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасы мен саялы жерлерде демалу мәдениетінің төмендігін тағы бір айғақтап берді. Бір мыңға жуық заң бұзушылықтың орын алуы сөзіміздің нақты дәлелі болса керек. Осы уақыт аралығында рейдтер жүйелі жүргізіліп, жазалау шараларын қолданудан гөрі адамдар жиі баратын өзен, …

Жанашырлық жетіспейді Read More »

ҚОҚИҚАЗ

Қорғалжын – әлемде ең ірі қызыл қанат қоқиқаз – фламинго ұя салып, балапанын қанаттандыратын бірден-бір өңір. Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның бүкілдүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Жуырда қара жауын нөсерлетіп өтіп еді, коммуналдық сала қызметкерлері әбігерге түсті де қалды. Жаңбырдың суы жолдарды, тротуарларды, аулаларды басып, жүріп-тұру бір қияметке айналды. Толарсақтан су кешіп жүруге тура келді. Қорғасын бұлт түйіліп келіп, селдеткен сайын осы жайт айна-қатесіз қайталанады. Мәселенің мәнісін білмек болып қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқанымда апаттық …

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ Read More »

Айды аспанға шығарды

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. “Бұған не болды?” – деп үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. “Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой”, – деп Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден …

Айды аспанға шығарды Read More »

Секвойя ағашы

АҚШ-тағы Сьерра Невада тауының етегінде әлемдегі ең үлкен Секвойя ағаштары өседі. Ағаштардың биіктігі 20 қабатты үйдің биіктігіне тең келеді. “Секвойя” ұлттық саябағында “Бастық” деп аталатын ағаш әлемнің ең кәрі және ең үлкен екінші ағашы болып есептеледі. Ағаштың жасы – 3200 жыл, биіктігі – 74 метр, ал ені – 28,5 метр. Сол аймақтағы “Генерал грант” деп …

Секвойя ағашы Read More »

Шоколадтың пайдасы

Шоколад – көтеріңкі көңіл сыйлайтын бір энергия көзі. Қаншама ғасырдан бері рухани антиоксидант (ағзаны зиянды заттардан қорғайтын химиялық зат) болып саналады. Денеміз күні бойы шаршайды және су жоғалтады, қоршаған ортаның ластығы, темекі түтіні, ультракүлгін сәулелер сияқты сыртқы орта факторларының, сонымен қатар ағзадағы табиғи реакциялардың нәтижесінде зиянға ұшырап, көптеген улы заттар пайда болады. Сондықтан ағзамыздағы токсиндерден …

Шоколадтың пайдасы Read More »

Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға бағаланатын еді. Шаруа …

Ақылды егінші Read More »

АЙДАЛАДА АҚ ОТАУ, АУЗЫ-МҰРНЫ ЖОҚ ОТАУ Жергілікті әкімдіктің салғырттығының салдары

“Оңтүстіктен – солтүстікке” көшу мемлекеттік бағдарламасының ұтымды тұстары көп екені тәжірибеде дәлелденген. Жобаның түпкі мақсаты – “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында атап өтілгендей, еңбек нарығын жаңғыртуды басты бағдар ете отырып, халықты жиі шоғырланған өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға ұтқырлықпен көшіру, сөйтіп экономикалық және демографиялық тұрғыдан теңестіру болып табылады. Болжам бойынша, 2050 жылға …

АЙДАЛАДА АҚ ОТАУ, АУЗЫ-МҰРНЫ ЖОҚ ОТАУ Жергілікті әкімдіктің салғырттығының салдары Read More »

“ZHASPROJECT” ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ тұрғындарға тегін көмек көрсетуде

Төрткүл дүниені жайлаған қауіпті індеттің салдарынан көптеген адамдардың жұмысы тоқтап, табысынан қағылғаны белгілі. Кей мекемелердің қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшсе, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер мүлдем жабылуға мәжбүр болды. Осынау қиын кезде әркім түрлі жолдармен табыс табудың қамын ойлағаны сөзсіз. Аққайың ауданындағы Ленинское ауылының тұрғыны Қаламқас Дүйсенбаева да осындай азаматтардың қатарында.