«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.08.2020

73 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ауыл шаруашылығы жерлері мен қорларын тиімді пайдаланудың маңыздылығы күн тәртібінен түсер емес. Былтыр жалға алынғанымен, мақсатты пайдаланылмай келген 293 мың гектар жер анықталған болатын. Оның басым бөлігін, яғни 239 мың гектарын жайылымдар құрады. Ал биыл осындай тағы 8 мың гектар жайылым тіркелді.

ЫРЫСЫ МОЛ, ТАБЫСЫ ЗОР

Қазіргі уақытта Жамбыл ауданындағы агроқұрылымда шөп шабу жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл іске білек сыбана кіріскендердің бірі – “Ақан” шаруа қожалығы.

ДӘРІГЕРЛЕР ЕҢБЕГІНЕ — ЛАЙЫҚТЫ ТӨЛЕМ

Петропавлда өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері коронавирустық инфекциямен күрескен медицина қызметкерлеріне үстемеақы мен өтемақы төлеу мәселесін қарастырды. Үстіміздегі жылдың шілде айында “COVID-19” вирусымен күрескен 2600-ге жуық медицина қызметкеріне лайықты төлем берілді.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫ ЖЫРМЕН СУСЫНДАТҚАН аламан айтыстың жеңімпазы — Абзал Жұмабек

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына орайластырыла өңірімізде тұңғыш ұйымдастырылған “Қызылжар аламаны” телевизиялық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Үш айға созылған жыр додасының ақтық кезеңіне жолдама алған Есіл ауданының қос жүйрігі Жұмабек Рахимов пен Абзал Жұмабектің өнерін көрермендер “Qyzyljar” телеарнасынан тамашалап, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫ ЖЫРМЕН СУСЫНДАТҚАН аламан айтыстың жеңімпазы — Абзал Жұмабек Read More »

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында жазды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады.

“Qazaqstan Konstitýsiasyna – 25 jyl” монеталары айналымға шықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік “Qazaqstan Konstitýsiasyna – 25 jyl” коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған.