«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.08.2020

БАСШЫ МЕН ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛДЫ

Облыс әкімі аппаратының лауазым иелері жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілікті. Осыған байланысты жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімі аппараты шаруашылық басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы мердігерлік ұйым директорынан пара алмақ болған. Өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін …

БАСШЫ МЕН ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

Ұры алыстан келмепті

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен 1200 литр гербицид пен астық орайтын бес полиэтилен орама жоғалғандығы анықталған. Ұрлықтан 4 млн. теңгеден астам шығын келген. Белгісіз қылмыскерлер қойма қабырғасындағы қаңылтырды майыстырып, ішке енгені анықталды.

АУЫЛДАСЫНЫҢ ИТІН СОЙЫП ЖЕГЕН

Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылының тұрғыны полиция бөліміне арыз жазған. Оның айтуынша, үш ауылдасы оның итін сойып жеп қойған. Арызданушы үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз екен. Итті соның өтеуі ретінде алыпты.

СОФИЯ – ҚЫЗЫЛЖАР АРУЫ

Биыл карантин шараларына байланысты дәстүрлі “Қызылжар аруы – 2020” байқауы онлайн форматта өтті. Сұлулардың арасынан іріктеліп алынған 8 ару төрт кезең бойынша бақ сынасты.

Біркүндік еңбекақыларын аударды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске үлес қосу мақсатында біркүндік жалақыларын аударып, медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн. теңге қаржы жинады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды. Олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады.

БЕС ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, “Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы”, “2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңдардың жобалары, сондай-ақ, “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы” Президент Жарлығының жобасы қаралды. Осы мәселелер бойынша Ұлттық экономика министрі Руслан …

БЕС ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ Read More »

Пәрменді күрес маңызды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин “AntikorLive” жобасының тікелей эфиріне қатысып, қоғамды жегі құрттай жеген індеттің тәуекелдерін анықтау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӨП

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен педагогтардың “Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері” атты дәстүрлі тамыз кеңесі онлайн форматта өтті. Бұл жиынға аудандық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, еңбек ардагерлері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТКЕН Жыл соңына дейін бір мың шақырым жол жөнделеді

2021 жылы облыста 600 шақырым жергілікті жолды жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарды жүргізуге ел бюджетінен 18,7 млрд. теңге бөлінбек. Сөйтіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары 74 пайызға жеткізілмек. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында айтылды.

Taǵaıyndaý

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Марат Қосылұлы Омаров мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мектеп компьютер беретін болды

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.