«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.08.2020

Еліміздегі бірнеше ЖОО лицензиясының күші тоқтатылды

Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында білім туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау негіз болды.

КОМПЬЮТЕРЛЕР ҮЛЕСТІРІЛУДЕ

Жаңа оқу жылы қарсаңында көп балалы және аз қамтылған отбасылар жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілуде. С.М. Киров атындағы зауытта құрастырылған 400-ден астам техника аудандарға жіберілуде.

Карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға сақтандыру статусы берілді

Табысынан айырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдаланады. Бұл туралы Алматы қаласы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.

БҰҰ мінберінен берілген мерейлі мәртебе

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Яд­ро­лық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәр­те­бесіне ие болды. Бұл шешім БҰҰ Бас Ассам­блея­сы­ның 29 тамыз – Ядролық сынақ­­тарға қарсы халық­­аралық іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды.

«Nur Otan» праймеризіне 10 мыңнан аса қазақстандық өтініш берді

Елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризіне өтініш беру жалғасуда. Тіркеудің аяқталуына бір күн қалды. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, олардың ішінде 8 915 адам кандидат ретінде тіркелді.

Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «XXI ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның және Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы IV Конгресінің пленарлық отырысына онлайн режимде қатысты.

ТЕЗ ТҰРҒЫЗЫЛАТЫН АУРУХАНА САЛЫНУДА

Бүгінде облыс орталығында инфекциялық аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазір құрылысшылар іргетасын құюда. Ғимараттың бір бөлігі модульдік блоктан, екіншісі металл қаңқадан құралмақ. Құрылысқа қажетті барлық дайын материалдар Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілмек. Соның арқасында нысанның құрылысын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік бар.

ЖАҢА ҚҰРАЛДАР САТЫП АЛЫНДЫ

  М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж «Жас маман» жобасы аясында 320 миллион теңгеге қол жеткізіп, жаңа құралдар сатып алды. 

ОҚУ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жаңа оқу жылы қарсаңында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы бірқатар білім беру ұйымында болып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ДОДАСЫ

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында «Мүшайра» атты жас ақындардың республикалық байқауы өтеді.