«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.09.2020

2,4 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

2020 жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді 2 млн 406 мың қазақстандық алды. Соның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

«Nur Otan» Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 186 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда қаза тапқандардың тек 9-ының отбасына ғана өтемақы төленген. Мұндай көңіл жүдететін статистика бүгін “Nur Otan” Партиялық бақылау комитетінің отырысында жария етілді.

“7-20-25” бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 38 301 өтінім қабылданды

“7-20-25” бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 444,7 млрд теңге сомасына 38 301 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 257,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 22 046 өтінім мақұлданды.

Кәсіпкерлікті нақты қолдау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын үлкен зейінмен оқып шықтым. Биыл дүниежүзін қамтыған пандемия өміріміздің барлық саласына өзгеріс енгізді. Көптеген қиындықтар туындап, кедергілер кездесті. “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауы сол тығырықтан шығарып, ел экономикасының дамуына серпін бермек.

Ақыл-ойдың заманы

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жылдағы дәстүр бойынша Жолдау арнап, дағдарыстан кейінгі даму жолдарымызды айқындап берді. Тарихи құжаттың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” деп аталуы тектен-тек емес. Төрткүл дүние күрделі уақыт кезеңінде тұр. Пандемия Қазақстан үшін де үлкен сынақ алаңына айналып, бірқатар қиындықтарға соқтырғанына қарамастан, жұдырықтай жұмылып жеңе білдік.

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ — ЖҮЙЕЛІ ЗЕРТТЕУ

“Рухани жаңғыру” бағдарлама­сын жүзеге асыру аясында еліміздің киелі жерлерінің бірыңғай белдеуін – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын құру бағытында жұмыс істейтін “Киелі Қазақстан” ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері кезекті экспедиция аясында Солтүстік Қазақстан өңіріне ат басын тіреді. Ғалымдардың осы жолғы сапары төрт бағыттан тұрады. Яғни, осыған дейін Павлодар өңірінде болған олар Қызылжар өңірінің киелі орындарын зерттегеннен кейін Ақмола …

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ — ЖҮЙЕЛІ ЗЕРТТЕУ Read More »

Қызметтерінен кетті

     Қоғамдық қатынастардың барлық саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу, оған қарсы ашықтық, айқындық, жұртшылық бойында жиіркенішті көзқарас қалыптастырудың мәні өте зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу …

Қызметтерінен кетті Read More »

Жолдау айрықша талаптар жүктейді

Облыстық әкімдікте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған жиынға департамент, басқарма, ірі шаруашылық басшылары, аудан әкімдері /онлайн-режім/, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер, жастар, БАҚ өкілдері қатыты.

ҚАРСЫЛАСЫН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионаты жалғасуда. 7-ші тур аясындағы кездесулер барысында жергілікті «QYZYLJAR» клубы сырт алаңда ақтаулық «KASPII»-мен кездесті.

Месси тағы бір маусымға “Барселонада” қалатын болды

Каталониялық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси тағы бір маусымға команда сапында қалатын болды. «Marca» басылымның ақпараты бойынша, Месси командадан кетемін деген райынан қайтуы мүмкін. Капитанның командада қалуының басты себебі клуб президентінің шешімі болып тұр. Жозеп Бартамоу, яғни команда президенті қазір Мессиді ешқайда жібермейтінін мәлімдеді. Мұны ол Мессидің әкесі Хорхе Мессимен кездесу барысында қадап тұрып айтқан. 

QR-код арқылы ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін

DLBI барлау қызметінің негізін қалаушы Ашот Оганесян QR-код арқылы ақшадан айырылып қалу қаупі бар екенін айтты. Ашот Оганесянның айтуынша, QR-код — мәтін мен сілтемені сақтауға арналған машинамен оқылатын формат. QR-код-та интернет алаяқтықпен айналысатын сайтқа сілтеме болса, ақшаны жоғалту қаупі бар.

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді.