«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2020

Президент өзге өңірлерден Қызылжар ауданына қоныс аударған азаматтармен кездесті

Президент мемлекеттік қолдаумен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азаматтармен кездесті. Оларға арнап Қызылжар ауданының Чапаево ауылында баспана салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылған болатын. Бүгін Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты.

Мемлекет басшысы «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЕРЕКШЕ

Бүгінгі таңда облысымызда шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл, әсіресе, коронавирус індеті экономикаға кері әсерін тигізіп, кәсіпкерлердің ісі тұралап қалған қазіргі уақытта аса маңызды. Біз бұған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы облыстық филиалының мамандары ұйымдастырған кезекті баспасөз туры барысында көз жеткіздік.

КЕЗЕКШІ ТОПТАР АШЫЛДЫ

Балалар – біздің болашағымыз. Олардың дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсуі маңызды. Жас ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Сондықтан ата-ана ғана емес, балабақша мен мектеп те әр баланың өмірінде ерекше орын алады. Біздің “Ақ бота” бөбекжай-бақшасында балғындардың тәлімді тәрбие алып, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі заманға сай жабдықталған.

Қашықтан оқудың қиындығы неде?

Маржан АҒЫБАЙ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 4-курс студенті: – Пандемияға байланысты қазір біз қашықтан білім алудамыз. Сабақтар “Zoom” платформасында өтеді. Онлайн оқудың ұтымды тұсынан кемшілігі көп. Үйде ата-анамыздың жанында отырған жақсы. Бірақ жоғары білім алу үшін көп оқу, көп іздену қажет. Ол үшін ғаламтордың емес, кітаптың көмегіне жүгінген абзал. Өкінішке қарай, кітапханаға баруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. …

Қашықтан оқудың қиындығы неде? Read More »

БАР ЖЕТІСТІК — ҰЖЫМ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Оқушыға сапалы білім ғана емес, саналы тәрбие беруде мектепке абыройлы міндет жүктелген. Сенім биігінен көрініп, өңірдегі үздік білім беру ұйымы атанған №2 Тайынша орта мектебінің жетістігін көпке үлгі еткен жөн. Мектеп жұмысының алға басуы, ең алдымен, басшыға байланысты. Педагогикалық ұжымды жетістікке ұмтылдыруда өзінің іскерлік қабілетін танытып жүрген мектеп директоры Ғалия Жұмаевамен сұхбаттасудың сәті түсті.

Іскерлікке баулымақ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында “Алтын ұрпақ” қосымша білім беру орталығы ашылды.

ОҚУЛЫҚ САПАСЫНА СЫН НЕГЕ КӨП?

Білімге талпынған, білмекке ұмтылған оқушының қабілетін шыңдау, дарынын ұштау, зейінін ашудың жауапкершілігі ауыр. Реформаға жиі ұшырайтын бұл салада жаңашылдық та көп. Онсыз тағы болмайды, себебі, әлемдік көштен қалып қою қаупі бар. Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде оқу бағдарламасы жаңа мазмұнға ауыстырыла бастағалы бірнеше жыл болып қалды. Алайда, жаңаша білім беру үшін шығарылған оқулықтың сапасына сын …

ОҚУЛЫҚ САПАСЫНА СЫН НЕГЕ КӨП? Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ҰСТАЗ

Ұстаздық – дүниедегі мамандық атаулының төресі. Мұғалім мамандығына барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын білім саласына арнаған Таңсұлу Мырзахметова – ұстаз дейтін ұлы есімге лайық жан.

АДАЛДЫҚ АНТЫ

Петропавлдағы Ұлттық ұлан әс­кери институтының бірінші курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті. Әскери оқу орнына биыл түскен 200 жас Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

ҚАРУ АСЫНҒАННЫҢ БӘРІ АҢШЫ ЕМЕС

Оның машинасында атылған құстар бол­ған, ал мылтықтың үшеуі де тіркелмеген болып шықты. Машина иесінің өзі алкогольді ішімдікті де біршама тартқандығы анық көрінген. Табиғат қорғау полициясының назарын аударып, оны тоқтатуға мәжбүрлеген де сол себеп екен: “LADA Granta” машинасы оңға-солға теңселіп бара жатқан.

Мал ұрлығы алпыс пайызға азайды

Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығының бетін ашты. Маусым айының басында Қаратал ауылының 54 жастағы тұрғынының қорасынан торпағы жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн бойы іздеп, таба алмаған. Ақыры қамаудан секіріп шығып кеткен шығар деген оймен іздеуді доғарған. Тіпті, полицияға да жүгінбеген.

Екі мың грант иеленді

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жаңа оқу жылында екі мыңнан астам студентті бірінші курсқа қабылдады. Білім алушылардың 46 пайызы, яғни 919 үміткер сынақтан сүрінбей өтіп, грантқа ие болды.

ОТАНДЫ СҮЮ ӨЛКЕҢДІ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ

Кең-байтақ еліміздің аумағын­да орналасқан жалпы­халықтық маңызға ие, ұлт өмірінде айрықша орны бар тарихи нысандар, көркем ландшафты табиғат ком­поненттері, ежелден келе жатқан киелі жерлер тізімге алынып, оларды жоғары деңгейде насихаттап, дәріп­теу арқылы өскелең ұрпақтың сана-сезіміне отаншылдық қасиетті сіңіру, сонымен қатар тарихи-туристік бағытты дамыту аса маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге …

ОТАНДЫ СҮЮ ӨЛКЕҢДІ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ Read More »