«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2020

БАҒАНАТЫЛЫҚ БЕЛГІСІЗ ЖАУЫНГЕР туралы кино түсірілмек

Өңірімізге қазақстандық кинорежиссер, продюсер Сергей Әзімов келді. Ол 1943 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан солтүстікқазақстандық жауынгер туралы “Белгісіз жауынгерді іздеу” деп аталатын деректі фильм түсіруге ниетті. Жауынгер бұрынғы Югославия, қазіргі Словения республикасының Повир қалашығында қаза тауып, жергілікті тұрғындар оны сонда жерлеген, әлі күнге дейін қабірді күтіп ұстауда. Кинорежиссердің өңірімізге келудегі мақсаты – ерлікпен қаза …

БАҒАНАТЫЛЫҚ БЕЛГІСІЗ ЖАУЫНГЕР туралы кино түсірілмек Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

Пандемия агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыттарына да өз өзгерістерін енгізіп отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығынын әртараптандыру ұстанымының күн тәртібіне шығарылуын бөле-жара айтар едім. Осы бағыттағы атқарылатын ауқымды іс-шаралардың тізбегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауында нақты белгіленіп, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құрудың мүмкін еместігі ашық айтылды. Ауылдықтар мал өнімдерін молайтуды және …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ТӨЛ ӨНІМІ заманауи компьютер тұтынушыларға жол тартты

Қазіргі уақытта Қызылжар өңірінде көптеген ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың арасынан “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ы ашқан компьютерлік техника шығаратын цехты ерекше атап өткен жөн. Бұл кәсіпорынның өнімдерін қашықтан оқуға көшкен жергілікті мектептердің оқушылары пайдаланып үлгерді.

Көмір жеткілікті

Биыл әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерге жылу беру 25 қыркүйекте басталуы тиіс. Уақыттың тығыздығына қарамастан, дайындық жұмыстары алдын ала жасалған жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Алда – басты сынақ

  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметованың қатысуымен қалалық филиал үміткерлері арасында пікірсайыс жеребесі өтті.

ӘККІ ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Петропавл полициясына қала тұрғыны М. Әуезов көшесіндегі үйінің подъезінен құны 45 мың теңге «Stern Vega» велосипеді ұрланғанын айтып жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Петропавл қалалық полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның екі күн бұрын жасалған …

ӘККІ ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ Read More »

КӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ

8 қыркүйек күні кешкісін Петропавл қаласы сыртындағы айналма жолда, Шаховское ауылына апаратын бұрылыстың маңында Петропавл қаласының 2000 жылы туған тұрғыны басқарған «Honda Accord» және 1960 жылы туған Толмачевка ауылының тұрғыны басқарған «Volkswagen Jetta» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан электр жабдығының қысқа тұйықталуы себепті «Volkswagen Jetta» өртеніп, оқиға орнында толығымен жанып кетті.