«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.09.2020

ӘКІМДЕР ЖҰМЫСЫ – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің об­лыстық департаменті “Petropavlnews” ЖШС-і редакция­сымен бірлесіп “Егер мен әкім болсам” тақырыбында балалар шығармаларының байқауын өткізді. Байқауға қатысқан 12-17 жас аралығындағы балалар өз шығармаларын әртүрлі жанрда жазып, шеберлік танытты. Өрендердің бұл тақырыпқа қызығушы­лық танытқаны соншалық, қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін де жұмыстар легі бір толастаған жоқ. Аққайың және Тайынша аудандарының, “ЛОРД” дарынды балаларға …

ӘКІМДЕР ЖҰМЫСЫ – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН Read More »

Озық технологияны меңгерген ұры

Соңғы жылдары бөгде адамның мүлігіне қол салушылар озық тех­ноло­гияларды меңгере бастаған. Автодабылдағыштың кодын оқитын құрылғыны қолдану арқылы көлік ішіндегі құнды заттарды қолды қылу қылмысы соның бір дәлелі.

АҒЫСҚА ҚАРСЫ ЖҮЗГЕН

Әр спорт түрінде өзгелерден оза шауып, дара атанған жандар болады. Мәселен, футбол десе, алдымен Пеле мен Марадона еске түссе, күрзі жұдырықты жігіттер туралы айтқан кезде алғаш болып Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонды сөз қыламыз. Аталмыш спорт түрлерінің насихаты жақсы болғандықтан, ол жердегі чемпиондардың да атын жиі естиміз. Ал, керісінше, кейбір сайыс түрлерінде адам сенбес ерліктер …

АҒЫСҚА ҚАРСЫ ЖҮЗГЕН Read More »

Исламбек “Химкиге” ауысты

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей біріншілігінде өнер көрсететін “Химки” командасының ойыншысы атанды.

Ильиннің жаңа қызметі

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға тағайындалды. Енді ол Қазақстан спортшылар одағының филиалына басшылық ететін болды. Бұл туралы спортшы өзінің “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ширек финалда сүрінді

Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен отан­дасымыз Юлия Путинцева жеңіліс тапты.

“Барыс” бабында

Құрлықтық хоккей лига­сы аясында елордалық “Барыс” Қытайдың “Куньлунь Ред Стар” командасын жеңді.

Конор байлар тізімінде

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор “Forbes” журналы жа­риялаған 2020 жылдың ең бай жүз адамның қатарына енді.

БАҚЫТТЫҢ ОРДАСЫ

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құр­мет пен ынтымақтастықтың ошағы, қоғамның діңгегі. Сондықтан әрбір отбасының амандығы мен саулығы елдің дамуы мен келешегінің өлшемі болып табылады. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” демекші, бала тәрбиесінде және оның тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекеттің іргесінің берік болуы, ең бастысы, онда …

БАҚЫТТЫҢ ОРДАСЫ Read More »

Маңдай термен тапқанын ала алмай жүр

Облыс орталығында жүзден ас­там құрылысшы табанақы, маңдай терлерін даулап, талай емен есіктің табалдырығын тоздырып жүр. Әділдік іздеген жандардың бармаған жері, баспаған тауы қалмады десе де болады.

ОҚУ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ

Облыстық білім басқармасының басшы­сы Гүлмира Кәрімова жаңа оқу жылының алғашқы он күнін қорытындылап, атқарылған жұмыстар жайлы әлеуметтік желі арқылы есеп берді.

Іс бастағандарға үлкен қолдау

Бүгінгі таңда облысымызда шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл, әсіресе, коронавирус індетінің өңір экономикасына кері әсерін тигізіп, бірқатар кәсіпорындардың жұмысы тұралап қалған қазіргі кезеңде аса маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы облыстық филиалының мамандары ұйымдастырған баспасөз туры барысында қолдау шаралары қандай нәтиже бергенін көрді.

БЮДЖЕТ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетті басқаруды жетілдіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді бірінші кезектегі міндеттердің қатарына қойды. “Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту керек. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді”, – деп атап көрсетті Президент. Бұл, әрине, қаржы институттарының, оның ішінде еліміздің өңірлеріндегі жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына …

БЮДЖЕТ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС Read More »

КОМПЬЮТЕР ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

Бүгінде интернеттің мүмкіндігін пайдалана оты­рып, көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Әсіресе, пандемия жағдайында денсаулығын ойлаған адамдар мүмкіндігінше далаға шықпауға тырысуда. Алайда, орта және егде жастағы азаматтар компьютерге келгенде шорқақтау. Сондықтан Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында гаджеттер мен компьютерді пайдалану, онлайн қызмет алуды үйрету жұмыстары қолға алынды.

Парыз

Тамылжыған тамыздың екінші жартысы болатын. Жалдап тұра­тын пәтерімізде абыр-сабыр: біреулер үйден артық заттарды орамға шығарып, екіншілері үстел, орындық, төсеніш кіргізіп әлек. Даладағы қазанда бүлкілдеп ет қайнап жатыр. Сәнді киінген жора-жолдастарым да бірінен кейін бірі келе бастады. Бұл – Мәриям екеуміздің үйлену тойымызға дайындық болатын.