«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.09.2020

ОҚУШЫ ӨРЕСІН КӨТЕРЕТІН СӨРЕ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Болашақ” қауымдастығының ұйымдастыруымен “Халық арасында кітап оқуды насихаттау” жобасының аясында “BolashaqBooks” кітап сөресінің ашылу салтанаты өтті. Аталған жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтардың бастамаларын қолдау орталығының” мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

ТОЙҒА ТОҚТАМ БОЛА МА?

“Карантин кезінде үйленіп алу керек, тойға шығындалмайсың”. Әзіл-шыны аралас бұл сөздерді соңғы кездері жиі естіп жүргеніміз анық. Алайда, іске келгенде бәрі басқаша. Ақылдаса келе: “Өмірде бір-ақ рет үйленеміз. Бұл – ең бақытты күніміз. Сондықтан шектеулерге қарамастан, той өткізуге тиіспіз”, – деген тоқтам жасалады. Әлемге төнген қауіп әлі де сейілмегені баршаға мәлім. Алайда, біздің елде қабылданған …

ТОЙҒА ТОҚТАМ БОЛА МА? Read More »

Ана тілі – ардың өлшемі

Ауылда туып-өстік, еңбекке араластық. Ана тілімізден басқасына шорқақпыз. Заман сондай болды ма, әйтеуір, қазіргідей көп тіл меңгеру міндеті қойылған жоқ. Он баламның тоғызы қалада жоғары білім алып, отбасын құрып, үбірлі-шүбірлі болды. Қазір бәрі қалада тұрып жатыр. Ауылдың иісін, түтінін сағынып, үлкен шаңыраққа келгенде немесе өзім олардың амандығын білуге барғанда, немерелерімнің өзара қазақ тілінде сөйлесулерін қадағалап …

Ана тілі – ардың өлшемі Read More »

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

“Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі…” – деген екен Аристотель. Бүгінде бұл өнерді жақсы меңгеріп, өңіріміздің, еліміздің намысын үлкен сахналарда абыроймен қорғап жүрген жас бишілер мен өнер ұжымдары жетерлік. Жастардың дені заманауи билерге әуес екені жасырын емес. Сол өнерлі өрендердің бірі – аз уақытта көрерменнің көзайымына айналып үлгерген петропавлдық Ренат …

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР Read More »

Балаларға пайдалы орталық

Атақты неміс экономисі Иозиф Шумпетер: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”, деген екен. Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға, әсіресе, жастардың ойлағанын жүзеге асырып, өз ісін ашуына мүмкіндік жасауға баса назар аударылуда. Осы мақсатта қолға алынған “Бастау Бизнес” жобасының аясында жыл сайын мыңдаған адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, арнайы грантқа ие болуда. Әсіресе, ауылдық жерде кәсібін дамытып, жергілікті тұрғындарға …

Балаларға пайдалы орталық Read More »

БОЛАШАҚ — САНАЛЫ ҰРПАҚТА

Бүгінде қоғамның алдында тұрған күрделі әрі басты міндеттердің бірі – саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға, өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруіне ықпал ету. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманына сай мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу, ел болашағын әлемге таныту да замандастарымыздың үлесінде.

КӨПІРДЕГІ ЖАРЫҚШАҚ

Петропавл қаласының Жұмысшы кентіне барар жолдағы көпір бірер жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен болатын. Кемі 15-20 жылға кепілдеме берілген өтпежол аяқастынан сыр беріп, қақ ортасында жарықшақ пайда болды. Бұл учаскеде әрлі-берлі ағыл­ған жүргіншілер мен көлік ағынында еш тыным болмайтындықтан, ақаудың ақыры қайғылы жағдайларға ұласып кете ме деген қауіп жоқ емес.

“Өлі” көлдегі тіршілік

Айыртау ауданының аумағында орналасқан Саумалкөл көлінің суы таза болғанымен, өте тұзды. Соның салдарынан шығар, бұл су айдынында балық болмаған. Алайда, бірер күн бұрын аудан әкімі Дархан Әмірин жергілікті тұрғындар мен қонақтарға әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы сүйінші хабарды жеткізіп, “өлі” көлде ұзақ уақыттан кейін алғаш рет балық пайда болғанын жеткізді.

ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСУДА

Жас волонтерлер археологиялық қазба жұмыстарына тартылды. Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар қалаларынан және Ақмола облысынан келген бір топ студент қыркүйек айының басында Уәлиханов ауданындағы “Қызыл оба” қонысына аттанды.

Тегеурінді қимыл керек

Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.

ТҰМАУДЫ КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ АЙЫРАМЫЗ?

Елімізде пандемия қаупі әлі сейілмей тұр. Сондықтан азаматтар денсаулығына ерекше мән беріп, тұмаудан, басқа да вирустық аурулардан қорғануы керек. Тұмауға қарсы екпе егу биыл әдеттегіден екі апта ерте басталды. Бұл жайлы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлімдеп, тұмау мен коронавирус инфекциясының белгілері жайлы айтты.

ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ – ҮЛКЕН ДЕМЕУ

Бүгінгідей алмағайып заманда пан­демия өз зардабын тигізбеген сала кемде-кем. Осындай қиын кезеңде Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын арнаған ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы қалпына келтіруге баса назар аударғаны заңдылық деп білемін. “Шын мәнінде, пандемияның зардабы осы салаға ауыр тиді”, – деп Президент әділ бағасын берді.

Алда – ақтық кезең

“Nur Otan” партиясының праймеризіне қатысуға өңірден 653 адам өтініш беріп, 645-і тіркелген болатын. Праймериздің пікірсайыс кезеңі республикалық саяси ұйымның қалалық филиалында бірінші болып басталды. 114 кандидат 20 топқа бөлініп, ашық алаңда пікір сайысына түсуде. Әр сайлаушының дебатты тамашалау, сұрақтар қою мүмкіндігі бар.

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ КОМБИНАТ ламинатталған фанер шығарады

Шетелге тәуелділік азаюы тиіс Орман шаруашылығы да ел экономикасының маңызды бір буыны екенін былайғы жұртшылық жете біле бермейтін секілді. Өйткені, құрылыс материалдары түгелге жуық шетелден әкелінетіндіктен, ойлары да, бойлары да әбден үйреніп кеткендей. Оның үстіне Қазақстанда жер ресурстары жеткілікті көрінгенімен, орманға соншалықты бай емеспіз.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚАРБЫЗЫ

Солтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі егін шаруашылығы жақсы дамыған. Диқандар негізінен дәнді дақылдар егіп, картоп отырғызады. Соңғы жылдары жергілікті егіс танабын әртараптандыру мәселесіне көңіл бөліп, майлы дақылдар алқабын кеңейткен болатын. Алты ай қысы бар өңіріміз үшін мүлдем таңсық өнім түрлерін егетін солтүстікқазақстандықтар да бар. Солардың бірі – Николай Малвенов қарбыз өсірумен айналысады.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады

Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.

ЕКІ ЕР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Өткен аптада облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар кезінде екі солтүстікқазақстандық қаза тапты. Қайғылы оқиғалар Мамлют пен Айыртау аудандарында тіркелді.

СПОРТТЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Отбасы күніне орай Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында заманауи спорт алаңы ашылды. Ендігі кезекте жергілікті әуесқой спортшылар жаңа нысанда волейбол, футбол және баскетбол ойнап, «Work out» алаңында денсаулығын шыңдау мүмкіндігіне ие болуда.