«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.09.2020

ЕКІ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Бүгінгі таңда облыс аумағында 23 мың басқа арналған екі бордақылау алаңы тұрғызылуда. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Қазақстанда халық саны 238,6 мың адамға өсті

Бүгінде елімізде халық саны 18767,5 адамды құрады. Биылғы жылдың 1 тамызында еліміздегі халық саны 18767,5 мың адамды құраса, оның ішінде қалалықтардан – 11049,0 мың (58,9%), ауылдықтардан – 7718,5 мың адамға (41,1%) жеткен.

Жыл басынан бері қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алды?

2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында жалпы сомасы 153,3 млрд теңгеге 390 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Тамыз айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 394,1 мың отбасы алды.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде ең көп коронавирус жұқтырғандардың дерегі АҚШ-та тіркелген. Соңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 959 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 30 миллионнан асты.