Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын мерейтой иесіне Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады.