«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.09.2020

НЕ ЖЕТЕДІ СӘБИДІҢ ІҢГӘСІНЕ?

Қызылжарлық Әйгерімнің үл­кен әулетке келін боп түскеніне он жылдан асты. Бірақ әлі күнге де­йін сәби сүйе алмай жүр. Осыдан жеті жыл бұрын денсаулығынан кінәрат тапқан ақ халаттылардың ұйғарымымен екі рет жасанды түсік жасатуға тура келген. Бұдан соң дәрігерлер жатыр түтігін алып тастаған. Басқа амалы қалмаған келіншек енді жасанды жолмен ұрықтандыруды байқап көрмекші.

Ерлі-зайыптылық әдебі

Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қа­лыптасқан дәстүрді жоғалта ал­майды. Қай халықтың болса да, со­ның ішінде біздің ұлтымыздың се­нім-нанымына, тіршілігіне байла­ныс­ты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық ғұ­рыптары бар. Соның бірі – отбасын құру. Бұл туралы хадистерде былай дейді.

АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ

Университет қабырғасынан шығып, міне, маман атандық. Журналист болғандықтан түрлі адамдармен кездесіп, олардың өмірлерінде орын алған қызық оқиғаларды тыңдап, әсер алып қаламыз. Соны оқырманға жеткізбей, сырласпай қалу мүмкін емес. Жанар атты келіншек былай деп сыр шертеді.

Памперс зиян ба?

– Памперс сәби үшін зиян де­генді естіп жүрмін. Ана­лар­ға, әсі­ресе, жас келін­шек­тер­ге ба­ла күтімінде қолайлы бол­ға­нымен, сәбидің денсау­лы­ғына зиян келтіріп жүрмей ме?

Өзара пікір алмасты

Облыс орталығындағы №23 мектеп пандемияға бай­ланысты онлайн білім алып жатқан балалар арасында “Бір­ге бақыттымыз!” тақы­рыбында шара өткізді.

Отбасылық кәсіптің пайдасы

“Бастау” жобасы соңғы бірнеше жылдан бе­рі өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Бұған жо­баның көмегіне жүгініп, кәсібін дөңгелетіп отыр­ған солтүстікқазақтандықтар куә. Ерлі-зайыпты Олег пен Ирина Круш екі жылдан бе­рі мал шаруашылығымен айналысуда. Мам­лют­ка қаласының тұрғындары 2018 жылы “Бас­тау” жобасына қатысып, онлайн курстан өт­кен болатын. Комиссия алдында өз жо­ба­ла­рын сәтті қорғаған соң “Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы …

Отбасылық кәсіптің пайдасы Read More »

ӨТЕ ЫҢҒАЙЛЫ

“Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға жаңа туған сәбиді тіркеу, жүктілік пен босануға бай­ланысты табысынан айырылға­ны үшін әлеуметтік төлем таға­йын­дау, баланың дүниеге ке­луі­не және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтерін ұсынады. Биылғы жылдың 8 айында халыққа қыз­мет көрсету орталықтары арқы­лы сәбидің 145 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 267 мыңнан астам жас ана …

ӨТЕ ЫҢҒАЙЛЫ Read More »

ӨНЕРЛІ ЖҰП

“Өнерлінің өрісі кең” дейді дана халқымыз. Мамлютка қа­ла­сында тұратын ерлі-зайыпты Ерғали мен Гүлайна бір­неше жыл бұрын отбасылық вокалдық ансамбль құрып, бү­гін­де аудан жұртшылығын өнерлерімен тәнті етіп келеді.

ҰСТАЗҒА ҚАРЫЗДАРМЫЗ

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған жандар қашан да зор құрметке лайық. Сондай абзал жандардың бірі – Уәлиханов ауданындағы Ақтүйесай ауылында өмір сүрген Мәриаш Қажымқызы. Ол өнегелі ұрпақ өсіруде адал еңбегімен таныла білді. Білім бұлағынан сусындатумен қатар балаларды адалдыққа, кішіпейілділік пен еңбекқорлыққа баулыды. Бүгінде марқұмның білім саласында салып кеткен сара жолын ауыл мектебінің ұстаздары жалғастырып келеді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН

Қазақстан тарихында алғаш рет жүгіруден “760greenkm” атты экологиялық марафон бас­талды. Әуесқой спортшылар 18 күннің ішінде 760 шақырым­ды бағындырып, еліміздің 18 қаласын жүгі­ріп өтпек.

Еңбек – бәрін жеңбек

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аға буын өкілдері мен жастардың қатысуымен “Еңбек – адамзат байлығы” тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Елімізде Еңбек күні 2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып келеді.

Ерліктері жадымызда

Биыл – төрткүл дүниені қанға бояп, адам­затқа айықпас қасірет әкелген екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Жеңіс туының желбірегеніне 75 жыл. Арада қаншама уақыт жылжып өтсе де, жүректі тілімдеген қаралы жылдардың жарасы ұмытылар емес. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде туған ұрпақ фашистерге қарсы қару алып, 1418 күн бойы жау­мен арыстанша арпалысып, жолба­рысша жұлқыса отырып, Отанын қорғап шықты. Қаншама …

Ерліктері жадымызда Read More »

ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН

Пандемия кезінде денсаулық сақтау саласының барлық ресурсы коронавируске қарсы күрес шараларына бағытталды. Өңір дәрігерлері инфекциялық, провизорлық стационарларда күні-түні еңбек етті. Осындай қиын кезде өз ісін жетік білетін Гулия Молдажанова сынды ақ халатты абзал жандар науқастардың өмірін құтқаруда барын салды. Олар – бүгінгі күннің батырлары.

Қазақстан өлім жазасын алып тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қойды.