Елімізде коронавирус жұқтырған 95 адамның жағдайы нашар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ислам діні тазалыққа негізделген. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған жәннаттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық. Тазалықтың артықшылығы туралы Құран Кәрімде: “Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді”, – деп жазылған. Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): …
Пандемия басталғалы 5 732 518 үндістандық COVID-19 жұқтырып, 91 149 адам қайтыс болған.
Қыркүйекте ай бойы елімізде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай білім беру мекемелерінде, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Жақында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының мамандары “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты идеялар мен жобалар фестивалін өткізді.
Құстары жаппай қырылып, шығынға батқан облыс тұрғындарына өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ пен ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Рәсім барысында Елші Абзал Сапарбекұлы саябақтың ашылуына қолдау көрсеткені үшін бауырлас Түркия мемлекетіне өз алғысын білдіріп, халықаралық деңгейдегі осындай іс-шаралар алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі …
Өткен аптада еліміздің 5 облысында 53,9 мың үй құсы қырылған. Оның 12,9 мыңы 47 елді мекендегі тұрғындардікі болса, 41 мыңы “Бескөл” құс фабрикасына тиесілі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте айтылды. Онлайн шараға Солтүстік Қазақстан облысынан журналистер қатысып, сұрақтарын қойды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Александр Бурковтың шақыртуы бойынша көрші елге барып қайтты. Бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы белгілері тіркеліп, өңірдегі Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына карантин енгізілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда қанша адам жұмыс қалатынын айтып берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тоғыз күн ішінде ветеринарлық инспекция маманының заңсыз сыйақы алуының алты фактісін әшкереледі.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейне байланыс форматында сөз сөйледі.
Кез келген мемлекеттің даму көрсеткіші халқының денсаулығымен өлшенетіні белгілі. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін анықтауда да бұл жайтқа ерекше мән беріледі. Біздің өңірімізде де соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту үшін тың жобалар қолға алынып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі арта түсті. Облыс орталығында тұрғызылып жатқан заманауи көпбейінді аурухана өңіріміздегі медицина саласына жаңа серпін бермек. …
ЗАМАНАУИ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА — әлемдік стандартқа сай алғашқы емдеу мекемесі Read More »