«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.09.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкестігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпфункционалды «SEN» музыкалық орталығында болды

Орталықты аралап көру барысында Қазақстан Президентіне мегаполистегі қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, сапасын күшейту және оған баратын балалардың санын көбейту ісі жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Республика алаңындағы «Алмалы» демалыс аумағына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Республика алаңындағы қайта жөндеуден өткен «Алмалы» демалыс аумағын аралап көрді. Жаңартылған аумақ бірнеше бөлікке, атап айтқанда, балаларға және мәдени ойын-сауыққа арналған аймақтарға бөлінген.