«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.09.2020

Пандемияның екінші толқынына дайындық

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында пандемияның екінші толқынына орай дайындық мәселелері пысықталды. Мамандар облыс тұрғындарының ауруды жаппай жұқтыру кезеңі қазан айына сәйкес келеді деген болжам жасап отыр.

БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.

Мемлекет басшысы Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді

Мемлекет басшысы өз сөзінде қайырымдылық пен волонтерліктің пандемия кезінде жалпыұлттық сипат алғанын атап өтіп, оның әлеуметтік нормаға айналғанын және халықтың дұрыс қабылдағанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын-қыстау кезде сырт қалмай, отандастарына көмек қолын созған, мейірімділік, ізгілік танытқан әр азаматқа ризашылық білдірді.

Елімізде түрмедегі әр адамға жылына 1,1 млн теңге бөлінеді

Қазақстанда күнкөріс минимумы биыл 32 668 теңге болып бекітілген. Яғни, кез келген адам айына осындай ақшамен өмір сүре алады деген сөз. Ал сотталып, жазасын өтеп жатқан әр азаматқа жылына 1 миллион 121 мың теңге бөлінеді. Оны 12 айға шаққанда 93 416,6 теңгеден келеді. Яғни, мемлекет қылмыс жасаған азаматты қамту үшін осынша ақша шығындайды. Сондықтан болар, колонияда отырғандардың 64 пайызы екі реттен көп …

Елімізде түрмедегі әр адамға жылына 1,1 млн теңге бөлінеді Read More »

“СК-Фармация” келісілген ақшаны төлемей отыр – жеткізуші

ПТР анализіне арналған қазақстандық реагенттер жеткізушісі “СК-Фармация” компаниясын келісімшартты бұзды деп айыптады. Компания 1,5 миллиард теңгеге тауар жеткізуі керек еді, алайда тапсырыстың жартысын алғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор жоспарларын өзгеркен.