«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.10.2020

Құс тұмауынан қырылған 330 мың бас үшін өтемақы төленеді

Елімізде құс тұмауынан қырылған 329 691 бас үшін өтемақы төленеді. Бұл туралы  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде хабарлады.

Қазақстанда «bailanys.bar» сервисі іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «bailanys.bar» сервисінің іске қосылғанын жариялады. Сервистің міндеті – бүкіл елдер бойынша интернеттің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау. Деректер негізінде интернетке қолжетімділік картасын жасау және әрбір өңірде желіге қолжетімділікті жақсарту жөніндегі шаралар жоспарын қалыптастыру жоспарлануда.

Құс тұмауының базардағы тауық етіне әсері бар ма?

Базарлардағы тауық өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты.

Қазақстанда зейнеткерлерді қолдауға 32,6 млрд теңгеден аса қаржы қарастырылды

2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

БАӘ мен Түркияға барып келген қазақстандықтар стационарға жатқызылады

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов 21 елден ПТР тестілеу сертификатынсыз келген қазақстандықтар ауруханаларда екі күн бойы оқшауланады деп мәлімдеді.

Құс тұмауынан қырылған үй құстары үшін өтемақы төлену қажет – сенатор

Сенаттың жалпы отырсында сенатор Дүйсенғазы Мусин құс тұмауының экономикалық залалына алаңдаушылық білдірді. Себебі, елімізде құс етінің 45 пайызы импортталатынын ескерсек, құс тұмауы салдарынан бұл көрсеткіштің өсетіні сөзсіз. Бұл отандық өнімдер бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін.

«Қазгидромет» фермерлерге арналған интернет-қосымшаны іске қосты

Интернет-қосымша шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. «AgroData»-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда әзірге мұндай сервистің баламасы жоқ.

Словения Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Елшісі Қайрат Сарыбай Словенияның қазіргі және бұрынғы басшылығымен, сондай-ақ елдің саяси, экономикалық және мәдени топтарының өкілдерімен кездесті.

АҚЫН СУРЕТІ — АДАЛДЫҚ ЖАРШЫСЫ

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына Алаш қайраткері, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың суреті салынды. Ақын атындағы көшенің бойындағы үйге мурал салуға “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесі бастамашы болды.

216 мың зейнеткер Қарттар күніне орай біржолғы төлемақы алады

Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 2,6 млрд теңге көлемінде бір реттік материалдық көмекпен 216 мың зейнеткер қамтамасыз етіледі.

Көрерменмен қауышуға асық

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы жаңа маусымның басталуына орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Қыркүйектің 16-сында өнер ордасы көрермендерге Сәбит Мұқановтың “Шоқан” тарихи драмасының премьерасын ұсынған болатын. Ұжым жыл соңына дейін тағы 4 қойылым сахналамақ.

ЕКПЕГЕ БІЛМЕСТІКПЕН ҚАРСЫ БОЛАТЫНДАР БАР

Қыркүйектің 15-інен республика көлемінде тұмауға қарсы екпе егу жүріп жатыр. Қауіпті дерттің алдын алатын екпе бірінші кезекте жүкті әйелдерге қойылуда. Бұл вакцинаның нәресте күтіп жүргендер үшін пайдасы жайлы және оған кей тұрғындардың үреймен қарау себебі туралы №1 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Бибігүл Көжекбаевадан сұрап білдік.

Үлкенге құрмет – ізгіліктің белгісі

“Ақылды қария – ағып жатқан да­рия” дейді дана халқымыз. Расында да, бұл нақылмен келіспеу мүмкін емес. Қай заманда болмасын, аға буын салиқалы өмір жолымен, игілікті істерімен кейінгі толқынға үлгі-өнеге бола білді. Олар әр салада белсенділік танытып, ел басына күн туған шақ­та халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алатын алып күшке айналды.