ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУШІЛЕР КӨП
Праймериздің ақырғы кезеңі – дауыс беру өтіп жатыр. Үш күн ішінде “Nur Otan” партиясына мүше 28,5 мың солтүстікқазақстандық өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.
Праймериздің ақырғы кезеңі – дауыс беру өтіп жатыр. Үш күн ішінде “Nur Otan” партиясына мүше 28,5 мың солтүстікқазақстандық өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғылықты жерінде бұрын сотталған облыс орталығының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінен қызметтік-іздеуші ит есірткі заты бар полимер пакетін тапты. Сараптама оның 32 грамм героин екенін анықтады. Сондай-ақ, жедел іс-шаралар аясында одан есірткі заттары бұған дейін де сату кезінде тәркіленген болатын.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік өнімді заңсыз сату фактісін анықтады. Әкімшілік учаскеге бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізу барысында № 6 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері бес литрлік бөтелкелердегі сұйықтықты сату фактісін байқап қалады. Сауда Астана көшесіндегі базарда болған. Бұл ақпарат жақын маңда кезекшілікте жүрген учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дәурен Қамзеновке жеткізілген.
Осы айдың басында кешқұрым Ғабит Мүсірепов пен Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Аudi С4» автокөлігінің отыз жастағы жүргізушісі қапталдағы арақашықтықты сақтамай бір бағытта кетіп бара жатқан «Daewoo» автокөлігімен соқтығысты. Соның нәтижесінде «Аudi С4» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, бағдаршамға барып соғылған. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көліктің мотор бөлігі жана …
Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25-тен аса ұрлық жасаған қырық жасар азаматтың қолына кісен салды. Көбінесе рецидивист-ұры жасаған құқық бұзушылықтары сотта кешіріліп отырған, сондықтан оған қатысты қылмыстық істер екі жақтың келісімімен аяқталып келген. Қазір ол Якорь ауылында шаруашылыққа қажетті түрлі заттар мен азық-түлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр.
29 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров “Союз ТМ” ғарыш кемесімен “Мир” орбиталық кешеніне космонавт-зерттеуші ретінде ұшты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп және оның әйелі Меланья коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Трамп өзінің «Twitter»-дегі парақшасында жазды.
“Қазгидромет” РМК 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 430,79 теңге болды.
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты үш мыңнан астам шағым түскен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ресми сауалға берген жауабында хабарлады.
Петропавлда жолды велосипедпен белгіленбеген жерден кесіп өткен 72 жастағы зейнеткерді көлік соғып кетті. Бейнекамерадан жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізгенін, екінші жүргізуші тоқтауға үлгермегенін көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл көшесінде орын алған. «Жедел жәрдем» жәбірленушіні түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Медициналық куәландыру “Volkswagen Passat” көлігінің 29 жасар жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Twitter»-дегі парақшасында жазды.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (MCRIAP) және Kaspi.kz жеке кәсіпкерді мобильді қосымшаға тіркеу қызметін іске қосты.
Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл мәлімет www.coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалып кеткен солтүстікқазақстандық Қайыржан Тікшекеевтің сүйегін Украинаның «Вертикаль» іздеу ұйымы биыл наурыз айында тапқан болатын. Қазақ жауынгерінің сүйегі туған ауылына жеткізіліп, жерленетін болды. Ол 1916 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әскер қатарына 1940 жылы шақырылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.