«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.10.2020

“ҰСТАЗДЫҚ — ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ”

Ұлылардан ұстаз туралы ұлағатты сөздер көп қалған. Поэзия пайғамбары, ақын Мағжан Жұмабаев: “Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі”, – деген екен. Өңіріміздегі таңдаулы білім ұйымдарының қатарындағы әл-Фараби мектеп-лицейін ерекше атауға болады. Бар білім-білігін, қажыр-қайратын келешек ұрпақтың саналы болуы үшін жұмсап жүрген ұлағатты ұстаз, аталмыш мектептің директоры Күлімкөз Смайыловамен сұхбатымыз мұғалімдердің …

“ҰСТАЗДЫҚ — ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ” Read More »

Бөлім бастықтары ауысты

Ішкі істер министрлігінің келісімімен үш ауданда полиция бөлімінің бастықтары ауысты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев аудандық полиция бөлімдеріне жаңа тағайындалған жетекшілерін таныстырды.

Құс тұмауының беті қайта бастады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов ел аумағында құс тұмауының таралу қарқыны төмендегенін мәлімдеді.

ЗАУЫТ ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Дүниежүзілік экономикаға кері әсерін тигізген коронавирустың кесірінен елімізде бірқатар ірі кәсіпорындар, көптеген орта және шағын бизнес субъектілерінің жұмысы тұралап қалғаны белгілі. Дегенмен, сол қиындықтарға қарамастан, жұмысын жалғастырып, жаңа өндіріс орындарын ашқан компаниялар да бар. Солардың бірі – Петропавлдағы “SMB GROUP Family” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталмыш компанияның цехтарында болып, өндіріс жұмысымен танысты.

ЖАУАПТЫ АДАМ — ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу қажеттігін қадай айта келіп, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын ұсынғаны мәлім. Биылғы “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауында сол басталған істі соңына дейін жеткізу жолдары көрсетілген.

Дәмхана кассасына қол салған

Полицияға «Креветка» дәмханасының әкімшісінен шамамен сағат 18.25-те белгісіз адамның кассадан 126 мың теңгені ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнын жедел-тергеу тобының қызметкерлері тексерген соң ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қарақшылық үшін сотталған Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл ұрлықты ашуға криминалистер өз үлестерін қосты.