«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.10.2020

Интернет пен ұялы байланыс қызметтерінің тарифі қымбаттады

Елімізде өткен айдың басында 24,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі абоненттер санынан (25,9 млн абонент) 6,5%-ға аз. Тұтынушылардың 63,3 пайызы интернет желісіне қосылған. Finprom.kz-тің ақпараты бойынша бір жыл ішінде интернет тарифі 2,6%-ға, ал ұялы байланыс қызметі 1,7%-ға қымбаттап, 2,5 млн абонентке дейін қысқарған.

Президент Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ережесі мен құрылымы бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды.

Физика саласы бойынша Нобель сыйлығы кімдерге берілді?

Роджер Пенроуз, Рейнхард Генцель мен Андреа Гез физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды. Премия ғалымдарға қара саңылауларды зерттегендері үшін берілді. Марапаттау рәсімі швед өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған күні, 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді деп жоспарланған.

ІІМ ресми өкілі қай өңірлерде блокбекеттер қойылғаны туралы жауап берді

Бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз “Таңшолпан” бағдарламасында қонақта болып, санитарлық нормалардың қалай сақталғаны туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы қатаң карантиндік режімге жабылады деген жалған хабарламаларға нақты жауабын берді.

Шетелден оралған 22 жолаушы коронавирусқа ПТР-тест тапсырудан бас тартты

БАӘ мен Түркиядан қайтқан 22 адам COVID-19-ға ПТР тест тапсырудан бас тартты. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы келгендерді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындауға көндірген.

Шоқтығы биік Шоқан

Қазақ халқының көрнекті пер­зенттерінің бірі, ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың қамшының сабындай қысқа өмірі қайраткерлік пен күрескерлікке толы болды. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен тұлғаның жиқанкездік жолы тек жас ұрпаққа ғана емес, күллі адамзатқа өнеге. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры ағартушының туғанына 185 жыл толуына орай “Шоқан” тарихи дра­масын сахналап, қазақтың маңдайына біткен біртуар ғалымның …

Шоқтығы биік Шоқан Read More »

Денесін күйік шалды

Петропавлда көпқабатты тұр­ғын үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жаудың кесірінен қала тұрғынының денесін 75 пайыз күйік шалды.

ТЫҒЫЛЫП ТОЙ ӨТКІЗГЕН

Әлемді үрей құшағында ұстаған пандемияның салқыны біздің елімізді айналып өткен жоқ. Алайда, салдары ауыр соққан індеттен облыс орталығындағы мейрамханалардың иелері сабақ алмаған секілді. Ақша табуды ғана мақсат тұтқан олар аурудың таралуына бас қатырмауда.

“MAǴJAN”-ның КЕЗЕКТІ САНЫ оқырманға жол тартты

Еліміздің рухани өмірінде өзі­нің лайықты орнын алған “Maǵjan” әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналы оқырман қауымның іздеп жүріп оқитын басылымына айналғаны қуантады. Журналдың әрбір жаңа нөміріне айрықша ықыласпен көңіл аударып, оқып шыққанша тағат таппайтынымыз рас. Ендеше, мазмұнымен, әсем безендірілуімен көңілден шыққан журналдың кезекті санының жарық көргенін оқырмандарға құлаққағыс еткеніміз артық болмас.

ӘЛЕУМЕТТТІК ЖЕЛІЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ҮЛЕСІ

Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев жуырда саптық бөліністердің жеке құрамымен кездесті. Кездесу патрульдік және жергілікті полиция бөліністерінде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің және заңдылық пен тәртіптің басқа да бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өткізілді. Полиция полковнигі Марат Төлебаев офицерлерге нақты міндеттер жүктеді, бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға, полиция мен азаматтық қоғам …

ӘЛЕУМЕТТТІК ЖЕЛІЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ҮЛЕСІ Read More »

Иесіне қайтарылған гербицид

«Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Новоишимское ауылына жақын маңдағы айналма жолда полицейлер жол талғамайтын көлігінде 500 литр гербицид бар Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Жүргізушіде химиялық затқа құжаты болмаған, сондай-ақ ол оны көршілес Тимирязев ауданынан сатып алдым деген. Күдікті көлік аудандық полиция пунктіне жеткізілген.

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады

Президентке интернет байланысының, әсіресе, ауылдық жерлердегі сапасы мен қолжетімділігін арттыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын трансформациялау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жұмыстары туралы министрліктің есебі берілді.

Оңалтудың өзге түрін ұсынуға дайынбыз

“Адамзат баласының үрейін туғыз­ған “COVID-19″ індетіне мені де айналып өтпеді. Жөтел қысып, тынысым тарыл­ған сәттерде жанымды қоярға жер тап­падым. Өңіріміздегі білікті дәр­ігер­лер­дің көмегінің арқасында екі аптадан соң жағдайым жақсарып, емді үйде жалғас­тыр­дым. Бірақ әлі күнге дейін демікпем кете қойған жоқ. Сырқаттан толығымен айығу мақсатында учаскелік терапевт облыстық көпбейінді аурухана жанын­да­ғы физиологиялық терапия бөліміне баруға кеңес …

Оңалтудың өзге түрін ұсынуға дайынбыз Read More »

ӨМІРДІ СҮЙ, ЖАС ӨРЕН!

Адам өмірінен қымбат не бар? Бірақ со­ның қ­адірі­не жете алмай жүргендер саны жыл санап көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Әсі­ресе, жасөспірімдер арасында мына дүниені еш шімірікпестен тәрк етушілер көп-ақ. Қо­ғам­дағы осындай үлкен проблема әл-Фа­раби мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен республикалық шарада әңгіме арқауы­на айналды. Білім ордасының директоры Кү­лім­көз Қайырбайқызы онлайн режімде ұйым­дас­тырылған жиынға танымал маман­дарды да шақырды.

ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ ЗАЛ мәдени жиындардың ұйытқысына айналмақ

Қазақ әдебиетінің классигі, ака­демик жазушы Сәбит Мұқанов­тың туғанына 120 жыл толуы­на орай өңірімізде бірқатар шара­лар жүзеге асырылуда. Кеше об­лыс әкімінің орын­басары Ғани Нығыметов Сәбит Мұқанов атын­дағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада болып, оқырмандар арасында жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағыт­талған жұмыстардың бары­сы­мен танысты. Ол, сондай-ақ, жаңадан ашылған жазушы атын­дағы “Sabit” конференц-залының материалдық-техникалық жағда­йына қанығып, мәдениет саласы­ның өзге …

ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ ЗАЛ мәдени жиындардың ұйытқысына айналмақ Read More »