«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.10.2020

ҚОСЫМША ОҚУДЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Қазіргі заманғы қосымша білім беруге жас буынның құштарлығы артып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын дайындауды тапсырды. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелері кеңінен қарастырылатын болады.

Парақор полицейдің басшысы да жазаланды

Облыстық полиция департа­мен­тінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев жуырда сап­тық бөліністердің жеке құрамы­мен кездесті. Кездесу патрульдік жә­не жергілікті полиция бөлініс­те­рінде сыбайлас жемқорлық қауіп­те­рінің алдын алу және заңдылық пен тәртіптің сақталауын қамта­ма­сыз ету мақсатында өткізілді. Де­пар­тамент бастығы офицерлерге нақ­ты міндеттер жүктеді, бұл адам­дардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету бойынша жұмыс тиімді­лігін арт­тыруға, полиция мен аза­мат­тық қоғам арасында ашық …

Парақор полицейдің басшысы да жазаланды Read More »

Болашақ ұстаздарға – жоғары шәкіртақы

Жаңа оқу жылынан бастап елімізде докторанттар мен педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы артты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының міндетін атқарушы Ербол Исақаев өңірімізде осындай мүмкіндікке ие болған студенттер жайлы айтты.

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ТЕҢДЕССІЗ ОРТАЛЫҚ

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өміріміздің айнымас бөлігіне айналғаны сөзсіз. Интернетсіз және ұялы телефонсыз өмірді елестету, тіпті, мүмкін емес. Қазіргі заманда компьютерді меңгермеу сауатсыздықпен тең. Сондықтан елімізде тұрғындарды ақпараттық технологиялардың үздік үлгілерімен қамту мәселесіне басымдық берілуде.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНСІЗ КӨРСЕТІЛУІ ТИІС

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиын алдында облыс әкімінің жаңа тағайындалған орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке осыған дейін Тайынша ауданында әкім болып қызмет істеген Иван Турков тағайындалды.

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандан­ды­рылған облыстық гимназия-интернат пен отбасылық үлгідегі жетім балалар ауы­лының арасы – 110 метр ғана. Бұл аралық­та қазір таспадай тартылған асфальт жол жар­қырайды. Бұрын ойқы-шойқы болып, астаң-кес­теңі шығып жататын. Нұр-Сұлтан, Алма­ты жақтан келген мәртебелі мейман­дар мұн­да ат басын тірегенде олар емес, жетімдер үйінің басшысы Арыстан Әкімжа­нов бар мәселе өзіне тіреліп …

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ Read More »

Солтүстiктiң фанерасы нарыққа шығарылады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов фанера комбинатына барды. Қазiр кәсiпорында қондырғыларды қосу жұмыстары жүргiзiлуде. Жобаны түркиялық инвесторлар жүзеге асыруда. Жобаға 1,8 млрд. тг бағытталды. 150 адам жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентін туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ, әлемдік және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Президенті өз сөзінде көптеген елде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын атап өтіп, осыған байланысты ахуал ушыққан жағдайда оған мемлекеттік органдардың дайын болуы қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түйткілді мәселелерді айта келе, тест сынамаларын алу көлемінің азайғанына назар аударды.

Учаскелік инспекторларға халық риза

Петропавлда учаскелік инспекторларға халық риза. Петропавлдың “Егемен Қазақстан” көшесінің бойындағы жатақхана тұрғындары бірнеше жыл бойы үнемі айғай-шу, төбелес, ұрыс-керістен әбден зәрезап болған еді. Өйткені мұнда жұмыс істемейтін, арақ-шарапқа бұрылып кеткен еркек-әйел көп болатын. Бұларды тек қатаң жауапкершілікке тарту арқылы ғана түзеуге болатын еді.

“Самұрық-Қазына” спорт клубтарын тікелей қаржыландырады

“Астана” Президенттік кәсіби спорт клубына кіретін спорт клубтарын қаржыландыру тәртібі өзгерді. Бұл туралы “Samruk-Kazyna Trust” Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов онлайн брифингте мәлімдеді.

Мемқызметшілерге құнды сыйлықтар тарту етуге тыйым салынды

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған Заңға қол қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.

Кешенді жоспар отандық фармацевтика өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді – А. Цой

Үкімет отырысында Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пікірінше, құжат медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе, жаңа дәрілік заттарды шығару, төтенше жағдай және карантин кезеңінде жұмыс істеп тұрған өндірістің қуатын арттыру үшін маңызды.