ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӨРКЕМ ҚАСИЕТ
Өңір аумағында “Мейірімділік керуені” байқау-акциясы өтуде. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, “Хабар”, “КТК” телеарналарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Шара қайырымдылық идеяларын насихаттап, дамытуды, белсенді азаматтық бастамаларды қолдауды көздейді.