Жолаушылар пойыздарының кестесі ауысты
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясында жолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы ескертілді.
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясында жолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы ескертілді.
Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының жапон тілінде алғашқы рет шығарылған шығармалар кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында бүгін Куала-Лумпур қаласында Малайзия Ұлттық кітапханасы шеңберінде Абай атындағы қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің биылғы жұмыстары және Оқу орнын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жоспары туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Қазақстанда доллар бағамы өсті.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 9-11 сыныптан кейін оқу орындарына түспеген 18,4 мың мектеп түлегіне, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ жастар өкілдеріне, оның ішінде жетімдерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелеріне еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға тегін оқытудан өтуге мүмкіндік берілді.
11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы жеке аулаларда 22 құстың өлімі тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.
Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Қазақстандағы мектеп оқушыларының күзгі демалысы қашан басталатыны белгілі болды.
Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданының орталығында алты блокбекет қойылды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Google» деректеріне сүйене отырып тұжырымдағандай, 2020 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 74-75%-ды құрады.
Елімізде өткен тәулікте 162 адам коронавирус індетінен айықты.
Қазақстанда өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлер туралы айтты. Қаржы министрінің мәліметінше, аймақтардағы жергілікті бюджет шығыстары 5,6 триллион теңге болған.
2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде жалпы ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 566,3 кг болатын 13 208 өлшеуіш құйманы сатып алды. Қыркүйек айында жалпы салмағы 65,2 кг болатын 1 480 өлшеуіш құйма сатылды.
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.
COVID-19-ға қарсы күресте қаза тапқан барлық 182 медицина қызметкерінің туыстары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 10 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа COVID-19-бен күресуге тартылған 5,3 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-дан біржолғы әлеуметтік төлем алды.
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.