«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2020

Иістер қоры

Облыстық полиция департаментінің же­дел-криминалистикалық басқармасында иістер базасы жинақталған. Жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы, полиция полковнигі Игорь Семеновтің айтуынша, бұл жерде төрт мыңнан астам иіс сақталған. Түрлі иістерді зерттейтін ғылым – одорология деп аталады. Оның медициналық, психологиялық, криминалистикалық бағыттары бар. Полицейлер негізінен соңғы түрімен жұмыс істейді.

“ТЕГІН ІРІМШІК ҚАҚПАНДА ҒАНА БОЛАДЫ”

Карантин уақытында той-томалақтарға тыйым салынғаннан кейін табысынан қағылған әншілер мен жұлдыздар пайда табудың басқа амалын ойлап тапқан сыңайлы. “Instagram” әлеуметтік желісін ашсақ болғаны, олардың “тегін ақша, ұялы телефон, көлік, тағы басқа сыйлықтарды таратамыз” деген хабарландыруларынан көз аша алмай қаламыз. Өйткені, байқауға қатысып, олжалы болуға мүмкіндік аламын деушілерге қойылатын басты талап оп-оңай – аталған жазбаны өз …

“ТЕГІН ІРІМШІК ҚАҚПАНДА ҒАНА БОЛАДЫ” Read More »

Болашақ заңгерлер

Көп адамдар дүкендерден тауар сатып алғанда немесе кез келген қызметті пайдалану кезінде әділетсіздікке тап болып, заңды білмеудің салдарынан өз құқығын қорғай алмай жатады. Сондықтан бүгінгі күні елімізде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылуда. Өңір жастары осы мақсатта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаны қолға алды. Аталған жобаны Ақпарат және қоғамдық …

Болашақ заңгерлер Read More »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ШЫҢЫ — ШЫНАЙЫЛЫҚ

Қылқаламды жанына серік еткен суретші Нәзира Сәдуақасова, жас та болса, бойындағы ерекше талантымен, өз ісіне деген құштарлығымен өңір тұрғындарына танылып келеді. Ол жуырда облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Әлия Мұқышевамен бірлесіп, “Табиғилық туралы” тақырыбымен көрме ұйымдастыру арқылы өзінің дарынды екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.

Талапты өрен — талпынған құстай

Облыстық кәсіпкерлер палатасы Айыртау аудандық филиалының мамандары Қаратал орта мектебінің 9-сынып оқушысы Уәлихан Базаркеновке ноутбук табыс етті. Талапты өреннің қашықтықтан кедергісіз білім алуына мүмкіндік беретін заманауи техника Білім және ғылым министрлігінің “Менің Атамекенім” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қолға алған “Oqýshyny qolda” акциясы аясында “DAULETTEN” қайырымдылық қорының қаржысына сатып алынды.

СЕРІКТЕСТІК ҚОЛҒА АЛҒАН ЖОБАЛАР сүт өндірісінің көлемін арттыруда

Жыл соңына дейін Петропавл қаласында сүт өнімдерін қайта өңдейтін жаңа желі іске қосылады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Масло-Дел” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған цехтың мүмкіндігімен танысты.

“Өтінішіміз аяқсыз қалды”

– Алтынсарин көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін естіген жергілікті тұрғындардың қуанышында шек болмады. Себебі, тозығы жеткен көшенің ой-шұңқырлары жүруге көп кедергі келтіретін еді. Өкінішке қарай, Алтынсарин мен Пионер тұйық көшесін байланыстыратын 6-7 метрлік аумақтағы ескі асфальт толық ауыстырылған жоқ. Қалған 1,5 метр жердің жамылғысы әбден тозығы жеткен әрі ой-шұңқыры көп. Велосипед, самокат тепкен балалардың бұл жерде …

“Өтінішіміз аяқсыз қалды” Read More »

ЕҢБЕК ЖОЛЫ — ӨНЕГЕ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Зар­қын Тайшыбайдың шығармашылық қызметіне 60 жыл толуына орай конференция өтті. Жиынға қадірлі азаматтың за­мандастары, қаламгерлер, жоғары оқу орнының оқытушылары мен журналистер қатысты. Пайым-парасаты биік ұс­таз еңбегін өскелең ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылған шараны еліміздің түкпір-түкпіріндегі зиялы қа­уым өкілдері онлайн режімде тамашалап, олар шараның басты кейіпкеріне …

ЕҢБЕК ЖОЛЫ — ӨНЕГЕ Read More »

Табыстың көзі – ауылда

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Евгений Золотарев соңғы бірнеше жылдың көле­мінде қырыққабат, қызанақ және қияр өсірумен айналысуда. Туған өлкесінде кәсібін өрге дома­латқан іскер жанның өнімін облыс тұрғындары тұтынады.

“Азаматтарды қабылдау” алаңы

Облыстық полиция департа­мен­тінде ведомствоның бірінші бас­шысының және оның орынба­сар­ларының азаматтарды жеке қа­былдауы жалғасуда. Апта са­йын облыстық полиция департа­ментінің бастығы, полиция пол­ков­нигі Марат Төлебаев алдын ала жазылу бойынша азамат­тарды қабылдайды.

Облыстық филармония — Ақан сері атында

Жуырда әлеуметтік желілердің бірінен өңіріміздегі жұртшылық жиі бас сұғатын мәдениет ордасы – облыстық филармонияға қазақ ән өнеріне өлмес олжа салған біртуар тұлға, әйгілі әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының есімі берілгендігі туралы ақпаратты көзіміз шалып қалған. Енді, міне, осынау жаңалықтың ақиқат екені белгілі болып, төбеміз көкке жеткендей қуанып отырмыз. Бұдан өзге облыс аумағындағы бірнеше мекемеге өңірімізде дүниеге …

Облыстық филармония — Ақан сері атында Read More »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА

Облыс орталығында жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін тіл мамандары арасын­да “Ұлттық ономастика – ел айнасы” конкурсы өтті. Ономастика жұмысын жетілдіру, сала мамандарын елді мекендерге, көшелерге атау беру және оларды қайта атау жұмыстарын дамытуға ынталандыру мақсатында жүзеге асқан байқауда 9 ауданның үміткері үш топқа бөлініп, өзара бақ сынасты.

Зобалаң жылдар қасіреті

“Память” қоғамдық қорының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Болат Сағындықтың “Издательство “Северный Казахстан” ЖШС баспаханасынан “Мемориал” кітабы жарыққа шықты. Онда автор саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың тарихына кеңінен тоқталады.  

6 006 медицина қызметкері арнайы төлемақы алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 6 006 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Доллар бағамы тұрақты

14 қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы белгілі болды. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессияда бір доллардың орташа бағамы 428,81 теңге болды.