«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2020

Мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты 273 млрд теңгеден астам қаражат төленді

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 218,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 54,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Аққуды атқан тұрғын ұсталды

Бала кезден барлық халықтарда «аққуды атуға болмайды, киелі құс» деген  ақыл басқа сіңіріліп келеді. Алайда ештеңені қадірлемейтін, қасиет тұтпайтын мал тектес адамдар көп қой. Соның бірі қатарында мына бір солтүстікқазақстандық міскінді атауға болады.

Әлеуметтік қызметтердің электронды порталы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2021 жылдың қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдардың техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ғана қамтамасыз етілетінін хабарлайды.

Оққа ұшқан сібір елігі

Мамлют аудандық полиция бөліміне Есіл ауданындағы аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінен жақын маңдағы Новое ауылының жанында елікті заңсыз аулау фактісін анықтағандары туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясының және аңшылық шаруашылығының қызметкерлері «Audi 100» автокөлігін тоқтатқан. Көлікте Мамлют ауданының үш тұрғыны және оның салонында тіркелмеген екі ұңғылы 12 калибрлі ИЖ-58 аңшы …

Оққа ұшқан сібір елігі Read More »

Орақ кезінде 32 ұрлық ашылды

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы «Астық-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Ол тамыздың 20-сы мен қазан 10-ы аралығында 52 күн бойы өткізілді. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильді топтар жұмыс істеді. Егістікте астық ұрлығын анықтау және ескерту көмегіне полицейлер баса назар аударды.

ПТР тестін тапсыру ай соңына дейін арзандайды

Қазақстандық зертханалар тәулігіне 48 мың ПТР-тест алуға қабілетті және бұл қуаттылық одан әрі арта түспек. Өңірлерге зертханалық жабдықтар жеткізілуде, мамандарды оқыту жұмыстары қолға алынды. Осы шаралардың барлығы зертханалардың жалпы қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұжымдық иммунитет жаппай вакцинациялау есебінен ғана қалыптасады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ол қазіргі кезде халықты толғандырып отырған өзекті сұрақтардың біріне жауап берді.

Алексей Цой: Індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында алаңында өткен баспасөз мәслихатында індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін деп топшылады.

Шағын бизнес жұмыс орнын қысқартуға мәжбүр

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен жұмыс кездесуін өткізді. Жиынның күн тәртібінде салық салу, несиелеу, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, бизнестің коммуналдық қызмет төлемдері, сондай-ақ жалға алу төлемдері мәселелері көтерілді.

Құсқа төнген зауал тоқтады

Қыркүйектің ортасынан бастап елімізде құс тұмауынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Қазір бұл зауал толығымен тоқтап, өлген құс иелеріне 9 млн теңгеге жуық өтемақы төленді.

ДСМ дезинфекция құралдары денсаулыққа зиян деген ақпаратқа түсініктеме берді

Елімізде қоғамдық көліктерді дезинфекциялау кезінде денсаулыққа қауіпті заттармен өңделетіні туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл сұйықтықтың елімізде қоғамдық көлікті өңдеу үшін қолданылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.