«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2020

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ТАРТУ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы” атты зертхана ашылды.

Шәкірттер жетістігі

Биыл – халқымыз үшін мерейлі жыл. Өйткені, ұлтымыздың мақтанышына айналған асыл тұлғаларды ұлықтауға зор мүмкіндік туып отыр. Бұған дәлел, қазақтың кемеңгер ақыны – Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай еліміз бойынша түрлі әдеби шаралар мен байқаулар өтуде. Әл-Фараби мектеп-лицейі шәкірттерінің білім сынақтарынан шет қалып көрген күні жоқ. Жуырда “Sana” интеллектуалдық білім порталының ұйымдастыруымен өткен …

Шәкірттер жетістігі Read More »

Картасы жоқтар артық төлейді

Петропавлда қалаішілік қо­ғамдық көліктерде электронды карта арқылы есеп айырысу жүйесі іске қосылмақ. Аталмыш жаңалықтықты енгізу желтоқсан айына жоспарланған.

ЖЕҢІСТІ ЖОЛ

Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 11-14 қыркүйегі күндері Беларусьтің бас шаһары – Минскіде күрес түрлерінен әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Классикалық күрестен өткен додада Қазақстанның үш бірдей өрені өнер көрсетіп, барлығы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша, отандық күрес мектебінің түлектері орасан зор нәтижеге қол жеткізді.

“СҮЙГЕНІҢДІ ҚЫЗҒАНЫШПЕН СУАРСАҢ гүлің сенің тікенек боп өседі…”

Айгүл қаладағы дәріханалардың бі­рінде мектепте бірге оқыған бала күнгі құр­бысы – Назымды кездейсоқ жолықтырып қалды. Алғашында сыртқы түр-сымбаты­на, киген киіміне, бір аяғын сылтып бас­қанына қарап танымай қалғаны рас. Оның ауылдағы мұ­ғалім – Әшірбайдың қызы, он бір жыл бойы бір партада отырған Назым екенін жібектей нәзік, құлаққа жағымды естілетін дауысы айтып тұрды. “Назым, бұл сенбісің? Қалай­сың, …

“СҮЙГЕНІҢДІ ҚЫЗҒАНЫШПЕН СУАРСАҢ гүлің сенің тікенек боп өседі…” Read More »

Қоқыспен күрес жалғасуда

Үстіміздегі жылдың басынан бері экологтар жергілікті табиғат пайдаланушыларға қатысты 14 тексеріс жүргізіп, 61 заң бұзушылықты анықтады. Бұл жайлы облыстық экология департаментінің басшысы Ерболат Омаров мемлекеттік мекеменің 9 айда атқарған жұмысын қорытындылаған баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

ӨЖЕТ ӨРТСӨНДІРУШІ

Биыл төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында өртсөндірушілер мен құтқарушылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Өзгенің өмірін өлімнен арашалау үшін өз бастарын қатерге тігіп жүрген қайсар жандардың бірі – Петропавл қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Аманжол Қоспанов.

БАПТАЙ БІЛСЕҢ, ЖЕР ЖОМАРТ

Несібесін жерден терген аудан диқандары күзгі орақ науқанын кешіктірмей аяқтады. Ширақ қимылдаған Төменгі Бұрлық ауылындағы “Бабық-Бұрлық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ерекше атап өтуге болады. Егін мен мал шаруашылығын қатар алып жүрген агроқұрылым ауданда жауапты науқанды алғашқылардың бірі болып бітіріп отыр.

Ұсыныстар қолдау тапты

Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалы­ның ұйымдастыруымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқыға салды.

Баға жетпес байлық

Ұлан-байтақ жеріміздің төсіндегі әсем табиғаттың өзі ұлттың киелі қазынасы, баға жетпес байлығы емес пе?! Сол қазынаны қорғау – біздің басты парызымыз. “Бір тал кессең, он тал ек”, “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деген өсиет сөздердің мән-маңызы да осыған саяды. Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында өңіріміздегі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға сүбелі үлесін қосып жүрген …

Баға жетпес байлық Read More »

ҚУАТТЫ ТЕХНИКА — АПАТҚА ТОСҚАУЫЛ

Құтқарушы күні қарсаңында Петропавл қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда арнайы техникалардың көрмесі өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

АҚЫН БЕЙНЕСІ — ҚАЛА ТӨРІНДЕ

Жыл сайын сүйікті қаламыздың көрікті орындары көбейіп, көздің жауын алатын сан алуан ғимараттарымен, гүлзарларымен, жайқалған жасыл саябақтарымен қуантып келеді. Бұл жолы жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының портреті бейнеленген муралды сыйға тартты. Оны өңір басшысы Құмар Ақсақалов аға буын өкілдерімен бірге тамашалап, бірер күн бұрын ғана толығымен аяқталған жобаға жоғары …

АҚЫН БЕЙНЕСІ — ҚАЛА ТӨРІНДЕ Read More »

БОЛАШАҚҚА ҚҰЙЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Бәріміздің тілегіміз бір – үлгілі отбасын құру, өз ісіңнің маманы болу, табысқа жету. Осы арман­ның ішінде балаларымыз бізден де бақытты болса, жақсырақ өмір сүрсе екен деген тілек жүрек түкпірінде жатқанын несіне жасырайық? Алайда, күйбің тіршіліктің жетегінде жүріп, бала жайына, келешек қамына назар аудара бермейтініміз рас. Дегенмен, адам алдына нақты мақсат қойып, ұмтылса, алмайтын асу жоқ …

БОЛАШАҚҚА ҚҰЙЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ Read More »

ҚАЗАҚСТАН — БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ

18 қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде кеңінен атап өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өңірде 11 конфессия мен 136 діни бірлестік тіркелген. Ата Заңымыздың 1-бабында жазылғандай: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”. Ел Конституциясында …

ҚАЗАҚСТАН — БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ Read More »

“Халық алғысы” — жоғары марапат

Облыстық полиция департаментінің кезекті аппараттық жиналысы марапаттау рәсімімен басталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев “Халық алғысы” медалін табыс етті.

Бес саябақ салынбақ

Облыс әкімі қалада салынып жатқан бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.