«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.10.2020

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде есеп берілді.

iPhone 12 Қазақстанда қашан сатылымға шығады?

Apple компаниясының жаңа өнімдерінің сатылымы қараша айының басында күтіліп отыр. IPhone 12 және iPhone 12 Pro орташа және екінші модель Super Retina XDR технологиясымен жасалған 6,1 дюймдік диагональды дисплеймен жабдықталған.

Әншілер фонограмма екенін айтатын болады

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралды.

Қарашада күн суытады

Айдың бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қараша айында жауын-шашын, қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады.

7,7 мыңға жуық медицина қызметкері төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 7 688 медицина қызметкері коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Есірткіге малынған бетперде – жалған

«WhatsApp» мессенджері мен әлеуметтік желілерде қылмыстық әрекеттің жаңа түрі жайлы ақпарат таралуда. Хабарламада белгісіз біреулердің есірткі химикаттарына малынған бетперделер таратып жүргендері жайлы айтылған. Бұл ескерту хаты авторының айтуынша, пәтерге кіру үшін адамдарды ес-түссіз күйге келтіруге мүмкіндік береді.