«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2020

Онлайн қоғамдық қабылдау⠀

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов онлайн жеке қабылдау өткiздi. Тұрғындар баспана, бизнес ашу, еңбекақы қарызын өтеу және ат спортын дамыту мәселелерiн қозғады. Өңiр басшысы барлық сауалдар бойынша тиiстi тапсырмалар берiп, олардың шешiлетiнiн жеткiздi.

ҚОЙЫЛЫММЕН ҚУАНТТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Бұл жолы сахнагерлер қызылжарлық көрермендерге ұлы ойшыл, адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуына орай халық жазушысы Әнуар Әлімжановтің «Ұстаздың оралуы» романы желісімен оммаж жанрында спектакль ұсынды. Сахна шымылдығы түрілгенге дейін қойылымды әзірлеген Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма …

ҚОЙЫЛЫММЕН ҚУАНТТЫ Read More »

Ұлттық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызды – Президент

Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

Президент мемлекеттік қызметшілердің 55 пайыздан астамын әйелдер құрайтынын айтты

Әйелдердің мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Жиырма қылмыскер табылды

Қылмыскерлерді іздестіру – криминалдық полиция жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Іздестіру жұмысы басқа қызметтермен және шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

Тараздан келген ұры

Полицияға Мағжан Жұмабаев көшесіндегі аула тұрғындарынан тоқтап тұрған «Lexus» маркалы жол талғамайтын көліктің бүйір жақ терезесі сынғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер көліктің осы аулаға өз шаруасымен келген қала тұрғынына тиесілі екендігін анықтады. Көлік салонынан 200 мың теңгеден астам ақша, банк карталары, құжаттар болған барсетка ұрланған.

Жұмысынан айрылған 70 мыңнан астам адам МӘСҚ-тан төлем алды

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 70,6 мың адамды құрады, бұл ретте 9 374 азаматқа төлем ағымдағы жылдың қыркүйегінде тағайындалды.

“Жыл волонтері” халықаралық сыйлығы беріледі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығы тағайындалды. Волонтер жылы аясында “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өтеді.

Денис Тен турнирі ұйымдастырылмайды

Коронавирус пандемиясына байланысты 2014 жылғы Олимпиада ойында­рының қола жүлдегері Денис Тенге арнал­ған мәнерлеп сырғанаудан халық­­аралық турнир өтпейтін болды.

Қарсыласы ауырып қалыпты

Аралас жекпе-жектен БАӘ астанасы – Әбу-Дабиде өтетін UFC 254 тур­нирінде екі отандасымыз қатысатыны жоспарланған еді. Алайда Сергей Морозовтың қарсыласы денсаулығына байланысты жарысқа шыға алмайтын болған соң, жекпе-жек өтпейтін болды.