Азамат асқан асулар
1985 жылдың күзі. Күн лайсаң. Тусырап жатқан тың даланың мол ризығы көңіл қуантады. Алайда, аспанды торлап, қыр кемесіндей әрлі-берлі жүзіп жүретін қорғасын бұлттар жылауық баладай көз жасын төгіп-төгіп жібергенде топырақ қамырша иленіп, көлік түгіл адамның өзі малтығып, батпақтап қалатын сәттер аз кездеспейді. Облыс орталығынан үш жүз шақырымдай меңіреу түкпірде орналасқан “Целинный” кеңшары тың игеру жылдары …