«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.10.2020

Қолды болған бес велосипед

Подъездер мен оның алдында қалдырылған «темір тұлпарлардың» жоғалуына байланысты қазан айында полицияға қала тұрғындарынан велосипед ұрланғаны туралы бірнеше арыз түскен. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру нәтижесінде 22 және 16 жастағы екі күдікті ұсталды. Екеуіне қатысты міндетті келу түріндегі …

Қолды болған бес велосипед Read More »

«Түнгі қаладағы балалар»

Петропавлда полицейлер балаларды қорғауға бағытталған екі іс-шара өткізіп жатыр. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында мектептің полиция инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі жайлы сабақ өткізуде. Балалар жол ережелерінен білімдерін сурет бетіне түсіріп, плакаттар арқылы көрсетті, олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары тіпті көрнекі құрал ретінде жолдың макетін жасады.

АТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ «САЯЖАЙ МАУСЫМЫ»

Петропавлдағы атты полицейлер «саяжай маусымын» аяқтады. Күн жылына басталысымен, қара күзге дейін кавалеристер авто және жаяу патрульдер өте алмайтын жерлерде қызмет етіп, қала маңындағы саяжай алқаптарын күзетті. Сондай-ақ, атты полицейлер табиғат аясында демалатын қалалықтардың алкогольдік ішімдік ішу фактілерінің алдын алу үшін Есіл өзенінің сол жағалауындағы орман алқабы мен Пестрое көлінің айналасына тексерулер жүргізіп отырды. Әкімшіліктің …

АТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ «САЯЖАЙ МАУСЫМЫ» Read More »

АМУР – СЕНІМДІ КӨМЕКШІ

Неміс овчаркасы Амур – Есіл аудандық полиция бөлімінің инспектор-кинологі полиция аға лейтенанты Виктор Рейбандттың сенімді көмекшісі. Із алу жұмысына баулынған Амур – 3,5 жастан асқан төбет. Полицияда жұмыс істеуге ол екі жыл үйретілген және тәжірибелі қызметтік ит болып саналады. Оның иіс алу қабілеті тәртіп сақшыларына 18 қылмысты ашуға көмектесті.