«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.10.2020

Солтүстікқазақстандық учаскелік полицейлер Мемлекет басшысымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысынан үш үздік учаскелік полиция инспекторы астанада Мемлекет басшысы өткізген Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып қайтты. Олардың бірі – учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қадырбек Исин. Ол Мамлют ауданындағы Пригородный ауылдық округіне қызмет көрсетеді.

Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы ол «Twitter» парақшасында жазды.

АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРҒАН ТОРЛАРЫ

Облыс полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл іс-шараның мақсаты Интернет арқылы жасалатын қылмыстармен күресу болып табылады. Киберқылмыстарды ашу жөніндегі мамандандырылған жедел-тергеу тобының жұмысы күшейтілді. Соның нәтижесінде бұрын жасалған алты интернет-алаяқтық ашылды. Үш күдіктіні ұстау үшін криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Екібастұз және Павлодар қалаларына іссапарға барды. Белгілі бір қаражат сомасына қажетті құжаттарды …

АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРҒАН ТОРЛАРЫ Read More »

Тайыншада — жаңа әкім

Тайынша аудандық мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясының күн тәртібіне бір мәселе шығарылып, аудан әкімдігіне лайық үміткердің кандидатурасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұл лауазымға бұған дейін Мамлют ауданының әкімі қызметін атқарып келген Руслан Аңбаевты ұсынды.

ҚАРЫМТА ОЙЫНДА ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Шайбалы хоккейден «Pro Hokei Ligasy» ел біріншілігінің төртінші тур ойындары аясында жергілікті “Qulager” командасы сырт алаңда рудныйлық “Gornák”-пен кездесті.

60 килограммға жуық марихуана тәркіленді

Облыс полицейлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 25 қазанда Петропавлдың Қизатов пен Хименко көшелерінің қиылысында ірі көлемдегі есірткі тасып жүрген күдіктілерді ұстады.

Әскери спортшы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев әлемнің үздік ТОП-10 дзюдоисттер тізіміне енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) аяқталған “Үлкен Дулыға” турнир қорытындысы бойынша қалыптастырылған әлем дзюдошыларының жаңа рейтингін жаңартты. Жарыста әлемнің 69 елінен 459 спортшы бақ сынасқан.

Қазақстан Президенті Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Президенттің сөзінше, бүгінгі күні кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күшіне айналды деуге толық негіз бар.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында биылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.