«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.11.2020

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың қырық тоғызыншы сессиясы 2020 жылғы 6 қараша күні сағат 11.00-де мына мекенжайда өтеді: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,58, облыстық әкімдіктің кіші залы (2-қабат).

Дүкенге түскен балалар ұсталды

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылының бір тұрғыны түнгі мезгілде өзінің дүкенінде шам жарығын байқалғанын айтып полицияға дабыл берген. Шақыртуға келген учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісі дүкеннің терезесін сындырып кірген 2005 және 2006 жылдары туған екі жасөспірімді ұстады. Бұлардың арасында үшінші бала да болған, бірақ ол полицияны байқап қалып, зытып кетіпті.

АҚЖАРДА — ЖАҢА ӘКІМ

Ақжар аудандық мәслихатының сессиясы өтті. Сессияға қатысқан он депутат өңір басшысы Құмар Ақсақоловтың аудан әкімі қызметіне үміткер ретінде ұсынған Қанат Қалиевтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді.