«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.11.2020

ҚОРЖЫНДА – ЕКІ МЕДАЛЬ

1 қараша күні 20 жасқа дейінгі өрендер мен қыздар және 23 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сайыс алғаш онлайн форматта өтуде.

Зейнетақы жинағын пайдалану туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжілістің депутаттары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қажеттіліктерге мақсатты пайдалануды қарастыратын “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Коронавирусты бірнеше секундта анықтайды

Ұлыбританияда бірнеше секунд ішінде коронавирусты анықтайтын тест жасалды. Жаңа тестті Лоуборо университетінің ғалымдары TOXY-triage жобасымен жұмыс істеген әлемнің түрлі елдеріндегі дәрігерлердің нәтижелеріне сүйене отырып дайындаған.

65 жастан асқан зейнеткерлерге ипотекалық несие беріледі

Бірақ  бұл жеңілдікті тұрғын үй кезегіне тұрып үлгергендер ғана пайдалана алады. “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ ипотека беру ережелеріне өзгертулер енгізді, оған сәйкес қазір 65-тен асқан адамдар 5-10-20 бағдарламасы бойынша несие ала алады”, –  деп мәлімдеді “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев. “Бүгіннен бастап біз банктегі несие …

65 жастан асқан зейнеткерлерге ипотекалық несие беріледі Read More »

Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия Президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Озық тәжірибе жүзеге асуда

Облысқа «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова келді. Мейман білім берудің маңызды мәселелері талқыланған жиынға қатысып, жаңалықтарымен бөлісті.