«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.11.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Қазақстан Президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.