«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.11.2020

БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕР науқастарға көмек көрсетпек

Петропавл медициналық колледжінде білім алатын 18-24 жас аралығындағы 20 студент арнайы бағдарлама шеңберінде сырқаттарға алғашқы жәрдем беру амалдарын үйреніп, білімдерін толықтыруда. Олар оқу аяқталған соң облыс орталығындағы ауруханаларда ем қабылдап жатқан науқастарға көмекке келіп, тәжірибелі дәрігерлермен қатар жұмыс істейтін болады.

ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ

Ертеңгі тізгін ұстар, елін ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу – ұстаздар қауымына жүктелетін жауапты міндет. Осы талап үдесінен табылып, жаңа заманның ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Қанат Қожахметов – өз ісінің нағыз білгірі. Ол еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, мектеп басшысына дейінгі баспалдақтардан өтті.

АРМАНЫМ БАР ТЕРЕҢІРЕК ТЕҢІЗДЕН

“Елге ел қосылса – құт” деген екен бабаларымыз. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері шетте жүрген бір миллионға жуық қандасымыз атамекенге оралды. Бүгінде оңтүстік өңірлерде тұрып жатқан қаракөздерімізді теріскейге қоныстандыру үрдісі жүріп жатыр. Көштің келісті болуына атсалысып жүрген жандардың бірі – ақын Әбдіғани Бәзілханұлы. 1969 жылы Қытайда дүниеге келген ол атақонысқа 2004 жылы оралып, Алматы облысында …

АРМАНЫМ БАР ТЕРЕҢІРЕК ТЕҢІЗДЕН Read More »

УАҚТЫЛЫ ЕМДЕЛУ ӨМІРДІ ҰЗАРТАДЫ

Өңір бойынша сүт безінің қатер­лі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде бірінші орында тұр. Биыл тоғыз айдың ішінде бұл дерт 151 әйелде анықталды.

ӨЗЕКТІ ӨРТЕГЕН ӨКІНІШ

Безбүйрек ана, тастанды бала жайлы жазылған мақалама арқау болған кейіпкерлермен қайта қа­уышамын деу өңім түгіл, түсіме ен­бе­гені бір Аллаға аян. Қалта теле­фонға соғылған қоңыраудан кейін осыдан тұп-тура 30 жыл бұ­рын болған оқиғаны ойға оралт­пақ бол­ған әрекетімнен еш­теңе өнбеді. Бұл­дыраған сағым еле­сіндей не басы, не аяғы жоқ үздік-создық бір­деңелер көз алдыма көлбеңдеген көбелек құсап тұрып алды. …

ӨЗЕКТІ ӨРТЕГЕН ӨКІНІШ Read More »

ШЕШЕНДІК – СОТҚА КЕРЕК ҚАСИЕТ

Сот шешімі – заңмен көздел­ген өзіндік құрылымы бар ресми құжат. Оның арғы жағында адам тағдыры тұр. Осы себепті судья істі мұқият және толыққанды зер­делеп барып қана шешім қабыл­дайды. Қазақтың жалпақ тілімен айтсақ, жеті рет өлшеп, бір рет пі­шеді. Жоғарғы сот төрағасы Жа­қып Асанов: “Қарап отырсақ, ше­шімдердің көлемі үлкен. Оның ішінен керек дүниені табу көп жағдайда …

ШЕШЕНДІК – СОТҚА КЕРЕК ҚАСИЕТ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қызылжар ауданындағы Архангелька ел­ді мекенінде 300-дей отбасы тұрса, жар­ты­сына жуығы – өзіміздің қаракөздер. Оларды Алла тағаланың жердегі үйі – мешіттің жоқ­тығы көптен бері толғандырып жүретін. Был­тырлары соның сәті түскендей болды. Көп­тен иесіз тұрған пошта үйін өз күшімізбен жөн­деп, мұсылмандар ғибадатханасына айнал­дырайық деген ұсыныс-тілегімізді “Қазпош­та” АҚ-ның басшылығы түсіністікпен қабыл ал­ды. Рұқсатын бергеннен кейін ұйымдас­тыру алқасы құрылып, …

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ Read More »

БЕС ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМА: өскелең ұрпаққа қамқорлық

“Nur Otan” партиясының “Jas Otan” жастар қанатының 2025 жылға дейінгі “Жастар – Отанға!” бағдарламасы өскелең ұрпақтың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарламаны әзірлеу барысында елі­міз­дің үздік сарапшылары мен саясаттанушылары жастар мәселесіне қатыс­­ты халықаралық ұйым­дардың концепциялары, әлемдік үр­діс­тер мен тәжірибелерді негізге алған болатын. Өңірлер үшін әзірленген бағдарлама еліміздегі беделді, партияның жұмысын білетін білікті …

БЕС ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМА: өскелең ұрпаққа қамқорлық Read More »

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

“Қыс – 2020” республикалық штабтық жаттығуын өткізу аясында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

“АШЫҚ ӘКІМДІК” ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жергілікті жерлерде тұрмыстық жемқорлықты жою, түрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында аудандарда «Ашық әкімдік» фронт-кеңселері ашылып жатқаны белгілі. Жуырда Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылында да заманауи кеңсе пайда болды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

САПАСЫ ЖОҒАРЫ, БАҒАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт салынуда

2021 жылы Петропавл қаласында комбайндар, тракторлар және егін себу кешендері шығарыла бастайды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов болашақ зауыттың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Сайлау комиссияларының 120 өкілі арнайы оқудан өтті

Биылғы 2-5 қараша аралығында сайлау комиссияларының 120 өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқудан өтті. Курс тыңдаушыларының қатарында аумақтық комиссия мүшелері және Нұр-Сұлтан қаласының учаскелік сайлау комиссияларының басшылары болды. Сайлау комиссияларының өкілдері мен қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын Мемлекеттік басқару Академиясы, Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясы және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бірлесе отырып …

Сайлау комиссияларының 120 өкілі арнайы оқудан өтті Read More »

ҰЖЫМ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫҚ

Ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетін жергілікті жұртшылықтың “қазақ баспасөзінің қарашаңырағы” деп бағалауы тектен-тек емес. Өйткені, ғасырлық жолдан үлкен абыроймен өтіп, қай кезеңде де өз оқырмандарына көркем ой мен көсемсөздің мәйегін ұсынып келе жатқан газеттің іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов сияқты Алаштың арда ұлдары қалап, әрбір уығын қазақтың бостандығы …

ҰЖЫМ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫҚ Read More »

Әуежайда коронавирус жұқтырғандарды иттер анықтап жатыр

Хельсинки әуежайына келген жолаушылар арасынан коронавирус жұқтырғандар қызметтік иттердің көмегімен анықталып жатыр. Әзірге сынаққа 16 жануар қатысуда. Бұл туралы «Reuters» ақпарат агенттігі хабарлады.

Шетелден келген 34 жолаушы карантинге жіберілді

Қараша айының 5-нен 6-на қараған түні елорданың әуежайына «Air Astana», «Belavia», «Turkish Airlines» әуе компаниялары орындаған 4 рейс келіп қонды. Ол ұшақтармен 529 жолаушы келіп жеткенімен, 34-нің ПТР тест анықтамасы болмаған.

Рустави қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Грузияның Рустави қаласында Квемо-Картли және Мцхета-Мтианети консулдық округтерін қамтитын Қазақстанның Құрметті консулдығы кеңсесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.